Акционерлерге
01.06.2026 16:00 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер туралы ақпарат
1)акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 28 мамыр 2026 жыл, басталуы – жергілікті уақыт бойынша сағ. 15. 00 мин., аяқталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ.45 мин. келесі мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ.Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына арналған Күн тәртібін бекіту.
2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2025 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.
3. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2025 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін және аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
4. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2025 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, 2025 жылғы дивидендтер туралы.
5. «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2025 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.
7. «Баян Сұлу» АҚ-ның ірі мәміле жасасуы туралы.
3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:
1-сұрақ бойынша.
Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны –79 844 325
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 79 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Акционерлердің жылдық жиналысының Күн тәртібін бекітілсін:

2-сұрақ бойынша.
Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны –79 844 325
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 79 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
«Баян Сұлу» АҚ 2025 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп бекітілсін, Басқарманың жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
3-сұрақ бойынша.
Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны –79 844 325
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 79 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ . «Қалыс қалғандар» – жоқ .
Қабылданған шешім:
1. «Баян Сұлу» АҚ 2025 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі мынадай құрамда бекітілсін: – қаржылық жағдай туралы есеп;
– пайда немесе залал және өзге де жиынтық кіріс туралы есеп;
– ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
– капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
– қаржылық есептілікке ескертпелер.
2. «Баян Сұлу» АҚ 2025 жылға аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігі мынадай құрамда бекітілсін: – қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есеп;
– пайда немесе залал және өзге де жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есеп;
– ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп;
– капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп;
– шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер.
4-сұрақ бойынша.
Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны –79 844 325
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 79 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
2025 жылғы «Баян Сұлу» АҚ-ның жұмыс қорытындысы бойынша 4 438 936 902 теңге мөлшеріндегі таза табысын бөлу тәртібі бекітілсін:
–800 000 000 теңге «Баян Сұлу» АҚ-ның жай акциялары бойынша 2025 жылға дивиденд төлеуге бағытталсын;
–3 638 936 902 теңге өндірісті дамытуға бағытталсын.
«Баян Сұлу» АҚ-ның жай акциялары бойынша 2025 жылға дивиденд төлеуге бағытталатын таза табыс сомасы 800 000 000 теңге және орналастырылған жай акциялар саны 80 000 000 дана екендігін негізге ала отырып, 2025 жылға 1 (бір) жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 10 теңге 00 тиын болып белгіленсін;
-дивидендтер төлеудің басталу күні 2026 жылғы 30 маусым болып белгіленсін;
-дивиденд алуға құқығы бар акционерлер тізімін жасау күні 2026 жылғы 24 маусым болып белгіленсін;
– дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны:
«Баян Сұлу» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер «Баян Сұлу» АҚ орналасқан жерде қолма-қол ақшамен және ақшасыз нысанда төленеді.
Дивидендтерді төлеу акционерлердің жалпы жиналысымен Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданған күннен кейін келетін күннен бастап тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс.
Акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер Қоғамда немесе құнды қағаздарды ұстаушылары тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есептеу жүйесінде болмаған жағдайда Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіп пен мерзімдерге сәйкес талап етілмеген ақшаны есептеу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуы тиіс.
– дивидендтер төлем агентін тартпай-ақ төленеді;
– Қоғамның атауы, орналасқан жері, банктік және басқа деректемелері:
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы,
110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198
БСН – 930940000055
есеп шот KZ11914398412BC02320
БСК BRKEKZKA
Қостанай қ.,
«Bereke Bank» Акционерлік қоғамы (Lesha Bank LLC (Public) еншілес банкі).
5-сұрақ бойынша.
Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны –79 844 325
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 79 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Акционерлердің «Баян Сұлу» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты 2025 жылғы өтініштері болмағаны туралы ақпарат назарға алынсын.
6-сұрақ бойынша.
Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны –79 844 325
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 79 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасының мүшелеріне 2025 жылы төленетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.
7-сұрақ бойынша.
Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны –79 844 325
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» -76 044 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – 3 800 000 дауыс.
Қабылданған шешім:
«Баян Сұлу» АҚ ірі мәміле жасау туралы қорытындысын мақұлдау.
29.05.2026 14:30 «Баян Сұлу» АҚ акционерлері мен несиегерлерінің назарына!
2026 жылғы 28 мамырда сағат 15:00-де Қоғам Басқармасының орналасқан жері бойынша (Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородина көшесі, 198) өткізілген «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы «Баян Сұлу» АҚ-ның ірі мәміле жасасуын бекіту туралы шешім қабылдады.
29.05.2026 14:00 Алдағы дивидендтерді төлеу туралы ақпарат
Осы арқылы «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) 2026 жылғы 28 мамыр өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысы Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды (ISIN KZ1C00000165).
1. Дивидендтер төленетін кезең – 2025 жыл.
2. Дивидендтің бір жай акцияға есептегендегі мөлшері – 10 теңге 00 тиын.
3. Дивидендтерді төлеуді бастау күні – 2026 жылғы 30 маусым.
4. Дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны:
1) дивидендтерді алуға құқылы акционерлер тізімінің күні – 2026 жылғы 24 маусым;
2) «Баян Сұлу» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер «Баян Сұлу» АҚ орналасқан жерде қолма-қол ақшамен және ақшасыз нысанда төленеді.
Дивидендтерді төлеу акционерлердің жалпы жиналысымен Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданған күннен кейін келетін күннен бастап тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс.
Акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер Қоғамда немесе құнды қағаздарды ұстаушылары тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есептеу жүйесінде болмаған жағдайда Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіп пен мерзімдерге сәйкес талап етілмеген ақшаны есептеу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуы тиіс.
3) дивидендтер төлем агентін тартпай-ақ төленеді;
4) Қоғамның атауы, орналасқан жері, банктік және басқа деректемелері:
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы,
110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198
БСН – 930940000055
есеп шот KZ11914398412BC02320 БСК BRKEKZKA
Қостанай қ.,
«Bereke Bank» Акционерлік қоғамы (Lesha Bank LLC (Public) еншілес банкі).
27.04.2026 15:00 Эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің акционерлердің (қатысушылардың) жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі туралы ақпарат
27.04.2026 15:00 «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің 2025 жылғы жұмыс қорытындылары туралы жалпы жылдық жиналысына шақыру туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш.,198 мекенжай бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы 2025 жылғы жұмыс қорытындылары туралы жалпы жылдық жиналысына шақыру туралы хабарлайды.
Қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері: «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысын шақыруды бастаушысы туралы мәліметтер: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысы өтетін күні, уақыты және орны:
2026 жылғы 28 мамыр жергілікті уақытпен 15 сағат 00 мин., Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
Жиналыс қатысушыларын тіркеудің басталу уақыты: жергілікті уақытпен 14 сағат 30 минут.
Егер бірінші жиналыс өткізілмеген болса, қоғам акционерлерінің өткізілуі тиіс жалпы жиналысы қайта өтетін күні және уақыты:
2026 жылғы 29 мамыр, жергілікті уақытпен 15 сағат 00 минут.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні: 2026 жылғы 20 мамыр.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына арналған Күн тәртібін бекіту.
2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2025 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.
3. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2025 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін және аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
4. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2025 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, 2025 жылғы дивидендтер туралы.
5. «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2025 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.
7. «Баян Сұлу» АҚ-ның ірі мәміле жасасуы туралы.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдармен қоғам акционерлерінің танысу тәртібі:
акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдар жиналыс өткізу күніне дейін он күннен кешіктірмей акционерлерге танысу үшін мына мекенжайы бойынша қолжетімді болады: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш.,198; акционер сұранысы болғанда – сұраныс алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жолданатын болады.
Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысын өткізу тәртібі:
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысын ашу үшін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге тұлғаны куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционер өкілі акционерлердің жалпы жылдық жиналысына қатысу және дауыс беру өкілеттігін растайтын сенімхат ұсынуы тиіс.
Тіркелмеген Акционер (Акционердің өкілі) кворум анықталғанда есептелмейді және оның дауыс беруге қатысу құқығы жоқ.
Жалпы жиналыста арнайы шақырылмаған басқа тұлғалар қатыса алмайды. Ондай тұлғалардың акционерлердің жалпы жиналысында жиналыс төрағасының рұқсатымен сөз сөйлеу құқығы бар.
Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болғанда жарияланған уақытта ашылады.
Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыс ашылу уақытын өзгертуге қарсы болмаған жағдайды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы жарияланған уақыттан бұрын ашылуы мүмкін емес.
Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасы (президиумі) мен хатшысын сайлауды жүргізеді, ашық немесе (бюллетеньдер бойынша) жасырын – дауыс беру нысанын анықтайды. Атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.
Осы акционерлердің жалпы жылдық жиналысында дауыс беру мына жағдайларды қоспағанда «бір акция – бір дауыс» қағидаты бойынша жүргізіледі акционерлердің жалпы жылдық жиналысының төрағасы (президиумі) мен хатшысын сайлау жөніндегі мәселе бойынша дауыс беру, әрбір акционердің бір дауысы бар болғанда, ал шешім қатысқандар санынан қарапайым дауыс көпшілігімен қабылданатын болғанда.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілуі мүмкін:
1) өздігінен немесе басқа акционерлермен жиынтығында қоғамның дауыс беруші акцияларының бес немесе одан да артық пайызына ие болатын акционерлермен немесе қоғам акционерлері осындай толықтырулар туралы жалпы жиналысты өткізу күніне дейін кемінде он бес күн бұрын хабарланған шарты сақталғанда директорлар кеңесімен ұсынылған толықтырулар;
2) оларды енгізу үшін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысатын және қоғамның дауыс беруші акцияларының жиынтығында кемінде тоқсан бес пайызына ие болатын акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі дауыс берген өзгерістер және (немесе) толықтырулар.
Жалпы жиналыстың күн тәртіпке енгізілмеген мәселелерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау құқығы жоқ.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында төрағаның қарастырылатын мәселе бойынша пікірталасты тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс беру тәсілін өзгерту туралы ұсынысты дауыс беруге шығару құқығы бар.
Төрағаның күн тәртібіндегі мәселені талқылауға қатысу құқығы бар тұлғаларға кедергі жасау құқығы жоқ, осындай сөйлеу сөздері акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соқтыратын немесе осы мәселе жөнінде пікірталас тоқтатылған жағдайлар кірмейді.
Акционерлердің жалпы жиналысының өз жұмысында үзіліс жасау және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, соның ішінде Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жеке мәселелерін қарауды келесі күнге қалдыру туралы шешім қабылдау құқығы бар.
Акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарағаннан және олар бойынша шешім қабылдағаннан кейін ғана жабылған деп жариялуы мүмкін.
Дауыс беру нәтижелері бойынша есептеу комиссиясы дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы жасайды және оған қол қояды.
Акционердің дауыс беруге шығарылған мәселе жөнінде ерекше пікірі болған кезде қоғамның есептеу комиссиясы хаттамаға тиісті жазу енгізуге міндетті.
Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысын жапқаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде құрастырылады және қолдары қойылады.
Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы сәйкестілікте жүргізілетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 22, 23; 35 – 37; 39 – 48; 50 -52; 68-73-баптары, ҚР ЖС 28.12.2009ж. №8 НҚ 13,15,16, 17,19,20-тармақтары.
19.03.2026 16:00 “Баян Сұлу” АҚ кредиторлары мен акционерлерінің назарына!
2026 жылғы 18 наурызда 15 сағат 00 мин. өткен «Баян Сұлу» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің Қоғам Басқармасының орналасқан жері бойынша (Қазақстан Республикасы, 110006 Қостанай қ. Бородин к-сі, 198) кезектен тыс жалпы жиналысы «Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) бұрын жасалған, оны жасауда қызығушылық бар ірі мәмілеге өзгерістер енгізуді мақұлдау туралы шешім қабылдады.
19.03.2026 16:00 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат
1) Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 2026 жылғы 18 наурыз , басталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ. 00 мин. жергілікті уақыт, аяқталуы – 15 сағ. 45 мин. жергілікті уақыт, мына мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2.«Bereke Bank» АҚ-мен (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) жасауға қызығушылық болған, бұрын жасалған ірі мәмілеге өзгерістер енгізу туралы.
3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:
1-ші сұрақ бойынша.
Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны -72 044 325
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 72 044 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім: Акционерлердің кезектен тыс жиналысының күн тәртібін бекіту:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2.«Bereke Bank» АҚ-мен (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) жасауға қызығушылық болған, бұрын жасалған ірі мәмілеге өзгерістер енгізу туралы.
2-ші сұрақ бойынша.
Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны -72 044 325 Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 72 044 325 дауыс. «Қарсы болғандар – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Бұрын «Bereke Bank» АҚ-мен (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) жасалған, оны жасауға мүдделілік бар ірі мәмілеге өзгерістерді енгізу мақұлдансын.
24.02.2026 15:00 Эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамын көрсете отырып, эмитенттің басқару органын (байқаушы кеңесін), атқарушы органын (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаны) сайлау, сондай-ақ эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамындағы өзгерістер туралы ақпарат
24.02.2026 15:00 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат
1) Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 2026 жылғы 23 ақпан, басталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ. 00 мин. жергілікті уақыт, аяқталуы – 16 сағ. 05 мин. жергілікті уақыт, мына мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту..
2. “Баян Сұлу” АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау, оның өкілеттік мерзімін, өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау туралы.
3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:
1- сұрақ бойынша.
Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны – 79 844 325
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» –79 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім: Акционерлердің кезектен тыс жиналысының күн тәртібін бекіту:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту..
2. “Баян Сұлу” АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау, оның өкілеттік мерзімін, өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау туралы.
2-сұрақ бойынша.
Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны- 79 844 325
Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 79 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
1. 2026 жылғы 01 ақпаннан бастап Директорлар кеңесінің мүшесі, «Баян Сұлу» АҚ тәуелсіз директоры Белименко Надежда Алексеевнаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ақпарат оның бастамасы бойынша мәліметке алынсын.
2.Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде Шевчик Петр Петрович мырза 28.06.2024 жылғы акционерлердің жалпы жиналысында сайланған Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 2027 жылы жаңа Директорлар кеңесі сайланатын акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейінгі мерзімге сайлансын.
3.Жаңадан сайланған Директорлар кеңесінің мүшесі, «Баян Сұлу» АҚ-ның тәуелсіз директоры П.П. Шевчикке өз өкілеттік мерзімі ішінде міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы штаттық кестеде белгіленген мөлшерде және шарттарда ай сайын төленсін.