01.03.2013

«XXI ғасырдың кондитерлік өнімдері» ІХ халықаралық конференция

«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы ағымдағы жылдың 25-28 ақпаны аралығында Мәскеу қаласында өткен «XXI ғасырдың кондитерлік өнімдері» ІХ халықаралық конференциясына қатысты.

Бұл іс-шара Ресей ауыл шаруашылығы академиясының кондитерлік өнеркәсібі ҒЗИ МҒМ-ның 80 жылдығын тойлауға орайластырылды. Конференция бағдарламасында бүгінде кондитер өнеркәсібін дамыту келешегі сынды өзекті болып табылатын келесі мәселелер көрініс тапты:

  • Кеден Одағы және шет елдерде кондитер өнеркәсібін дамыту болашағы мен қазіргі жағдайы;
  • кондитерлік өнімдерді өндірудегі жаңа технологиялар мен жабдықтар;
  • кондитерлік өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі;
  • шикізат, тағамдық қоспалар және басқа да ингредиенттер: пайдалану болашағы;
  • шикізат, жартылай дайындалған өнімдер мен дайын өнімдердің сапасын бақылау: зертханалық жабдықтар мен әдістер;
  • кондитер өнімдерінінің жаңа қаптамалары мен таңбалары.

Конференция аясында 40-қа жуық ресейлік және шетел өндірісшілері қатысқан, шығарылатын өнімдердің 167 ең үздік үлгілері ұсынылған кондитерлік өнімдердің сапасы қаралды. Кондитерлік өнімдер сапасын Халықаралық бақылау номинациясына сәйкес біздің компания тарапынан өнімнің 17 үлгісін ұсынды. Кондитерлік өнімдердің сапасын бағалау пайдаланылатын жартылай дайындалған өнімдердің үйлесімділігі, қаптама дизайны, баспа сапасы мен толық мәліметтің болуы, органолептикалық көрсеткіші бойынша сайыс комиссиясының жабық түрде дегустация арқылы жүргізілді. Байқау комиссиясы құрамына сала мамандары, РФ ауыл шаруашылығы министрлігінің, «АСКОНД-ТС» Кеден Одағының кондитерлік саласы кәсіпорын қауымдастығының, «АСКОНД» кондитер өнеркәсібінің кәсіпорын қауымдастығының, Ресей ауыл шаруашылығы академиясының кондитерлік өнеркәсібі ҒЗИ МҒМ-ның, Халықаралық өнеркәсіп академиясының өкілдері кірді. Кондитер өнімдердің сапасы сайысының нәтижесінде «Өнімнің жоғары сапасы үшін» фабрикамыз медальмен және дипломмен марапатталды:

  • «Ассорти Казахстан» кәмпиттері І дәрежелі диплом мен алтын медальды иемденді;
  • «BS Jelly», «BS Львёнок» жылтыр кәмпиттер, «BS Зелёный», «BS Fruit» салындысы бар карамель ІІ дәрежелі диплом мен күміс медальды иемденді;
  • «Primavera» қарақаттың дәмі бар кәмпиттер ІІ дәрежелі диплом мен күміс медальды иемденді;
  • «Казахстанский» Dark және «Казахстанский» Excellent шоколадтары ІІІ дәрежелі диплом мен қола медальды иемденді.