Компания туралы
Компания туралы
BAYAN SULU — бұл кондитерлік өнімдерді өндіретін ең ірі қазақстандық кәсіпорын. Аталған фабрика 1974 жылдың желтоқсанында құрылып, 50 жылдан астам уақыт бойы өз клиенттерін дәмді өнімдерімен қуантып келеді.
Бренд дамып жатыр және озық технологияларды енгізуде. BAYAN SULU командасы нарықтың сын-қатерлеріне сенімді жауап береді және салалық көшбасшы ретіндегі рөлін белсенді түрде нығайтуда.
Өнімдер
BAYAN SULU өнімдер қатарында шоколад пен карамельден бастап піспенанға дейін, вафлялар, кәмпиттер, дражеден бастап ириске, мармеладқа және зефирге дейін 300-ден астам өнім атаулары бар.
Біздің қоржында классикалық рецепттер де, трендтік дәмдердің заманауи әзірлемелері де бар және олардың барлығы өзгеріссіз жоғары сапасымен ерекшеленеді.
Сапа және технологиялар
BAYAN SULU өнімдерінің әр топтамасы өндірістің барлық кезеңдерінде — шикізаттан қаптамаға дейін — қатаң бақылаудан өтеді, бұл болса тұрақты сапаны қамтамасыз етіп, жарамдылық мерзімін ұзартады.
Кәсіпорын ISO 9001, ISO 22000, сондай-ақ ISO 50001 энергия менеджменті сияқты халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейді және заманауи жабдықты пайдаланады. Фабрика «Халал» сертификатына аттестаттаудан өтті, шығарылатын өнімдердің жартысына жуығы осы стандартқа сәйкес келеді. Сонымен қатар, кәсіпорын EDGE гендерлік теңдіктің жаһандық сертификатына ие болды.
Экспорт және нарықтық жайғасымдар
BAYAN SULU Қазақстанның ішкі нарығында да, кондитерлік өнімдер экспортында да көшбасшылық жайғасымды орнықты ұстап отыр.
Экспорт географиясының ауқымы кең: ТМД елдері, Шығыс Еуропа, Қытай және т.б. Бүгінгі таңда «Made in Kazakhstan» өнімдері Қытай, Моңғолия, Кореяны және т.б. қоса алғанда 14 елге жеткізіледі. Экспорт үлесі 40 %-ды құрайды.
Іскерлік абырой-бедел
BAYAN SULU бренді өзінің тарихы бойы Ресей, Украина, Германия, Польша, Нидерланды, Дания, Финляндия, Латвия, Литва, Израиль сияқты және басқа да көптеген елдердің жеткізушілерімен және өндірушілерімен тығыз әрі сенімді серіктестіктер құрып келді.
Кәсіпорынның несиелік тарихы мінсіз болып қала беруде, мұны қаржылық тәртіп пен жауапкершілік деңгейі растайды.
Компанияның акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізіміндегі акциялардың екінші санатына енгізілген, бұл болса оның жария мәртебесін атап көрсетеді.
Демеушілік және мәдениет
BAYAN SULU спортпен қатар, мәдениет пен өнер саласын дамытуға да белсенді көңіл бөлеуде:
- Компания — Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, «Тобыл» баскетбол клубының (Қостанай қ.) құрылтайшыларының бірі.
- 2025 жылы BAYAN SULU және Қазақстан Футбол федерациясы ресми серіктестер атанды.
- Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, шектеулі шығарылымдағы «олимпиадалық» шоколад сериясы шығарылды.
- Балалар бастамаларының қатарында — жүзу, конькимен жүгіру спорты, шахмат бойынша жарыстарға демеушілік жасау бар.
- Компания ардагерлерге жылдан жылға қолдау көрсетіп келеді.
Мәдени демеушілік — ерекше бағыт: қазақ әдебиетінің ұлы мұраларының бірі — аңызға айналған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу » пьесасы фабриканың қолдауы арқасында Мұхтар Әуезов ат. театрдың репертуарына қайтарылды.
Осылайша, BAYAN SULU тек тәттілерді өндіруші ғана емес, сонымен қатар коммерция мен өнерді бір-бірімен ұштастыратын елдің мәдени өмірінің белсенді қатысушысы.
Әлеуметтік саясат
Қызметкерлер — компания бағалайтын ресурс. BAYAN SULU қолайлы еңбек жағдайларын жасайды, қызметкерлердің дамуын ынталандырады, шешім қабылдау кезінде олардың талап-тілектерін ескереді. Материалдық емес қолдау шараларына оқу ақысын төлеу (ел ішінде және шетелде), тамақтану жеңілдіктері, көлік беру, медициналық қолдау және т.б. кіреді.
Түйін
BAYAN SULU — кондитерлік индустрияның көрегендері және өткеннің тәжірибесіне сүйенетін, қазіргі заманның өзекті сұрауларына жауап беретін және келешек ұрпаққа қамқорлық жасайтын жалғыз шынайы ұлттық өндіруші бренд.