Тарихы
Жылына жобалық қуаты 24560 тн. кондитерлік өнім шығарушы Қостанай кондитерлік фабрикасы (қазіргі «Баян Сұлу» АҚ) 1974 жылдың желтоқсанында қолданысқа енгізілді. Фабриканың алғашқы директоры танашев Нығмет Бұқпанұлы болды. Мамандығы – инженер-механик. Мамандар тобымен бірге Қарағанды кондитерлік фабрикасы тарапынан ашылып жатқан кәсіпорында жұмысты ұйымдастыру мақсатында келген болатын. Ол басқарған кезде барлық негізгі өндірістік цех іске қосылған еді. Ол үшін біліктілігі жоғары мамандарды даярлап, олардың институтта, техникумда, ҚКТУ-де білім алуларын қамтамасыз етіп, сондай-ақ, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе қалаларының кондитерлік фабрикаларына мамандықтары бойынша үш айдан алты ай мерзімге дейін тағылымдамадан өтуге жіберу қажет болатын. Ең бірінші қуаттылығы жылына 2260 тн. болатын салындысы бар карамельді өндіру бойынша І және ІІ толассыз-механикалық желісі іске қосылды.
Орамасы бар карамель – “Жеміс-жидек гүл шоғыры”, “Студенттік”, “Күн сәулесі”. Орамасы жоқ – “Рион” және “Какао ұнтағындағы атақты”.
1975 жылдың наурызында бисквит цехы іске қосылды.
СЛ-1П желісі – қуаттылығы жылына 6000 тн. құрайтын күлшенің қант тәрізді түрін өндіру.
А2–СЗЛ №2 желісі – қуаттылығы 2700 тн. құрайтын күлшелердің созылмалы түрін өндіру.
1975 жылдың шілдесінде какаоны жасап шығару жабдығы іске қосылып, жылтыратылған және жылтыратылмаған кәмпиттер, шоколад құрамасын өндіретін кәмпит пен шоколад цехы өз жұмысын бастады.
1977 жылы Н.Б. Танашев өнімдердің жаңа түрлерін шығару жөнінде кеңес өткізеді (фото).
1975–1980 жж. – карамель, мармелад, вафли, драже және иристің жоғары сұрыптарын жасап шығару бойынша өндірістік қуатын меңгеру мерзімі. 1981 жылдың тамызында Қостанай кондитерлік фабрикасының директоры болып Киселев Анатолий Прокофьевич тағайындалады. Қызмет баспалдағы бойынша ол бисквит цехының механигі мамандығынан бастап кәсіпорын директоры қызметі дәрежесіне дейін көтеріледі. Үш ауысым режимінде жұмыс істеген кәсіпорын жылына 30 мың тн. Өнім шығаратын. Бұл кезде ұстаздық, кәсіби шеберлікті жетілдіруге аса көңіл бөлінді.
Байқаулар бір топ қызметкерлер, цехтар арасында ғана жүргізілген жоқ, сондай-ақ, кондитерлік фабрикалар да бір-бірімен бақ сынасты. 1980 жылы Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай фабрикаларының қызметкерлері арасында байқау ұйымдастырылды. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, тазалық сақтау, өнім сапасы сынды жарыстың нәтижесінде тоқсан сайын Қызыл туды өткен жеңімпаз атанған цехқа берілді. Бәсекелесу рухы жұмыста, спортта және көркем өнерпаздықта да орын алды. Барлық жерде «КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол» (ГТО) нормаларын тапсыру жүргізілді.
1984 ж. тың жерлерді игерудің 30 жылдығына орай көркем өнерпаздар байқауы өтті. Әлеуметтік міндеттерді белсенді атқарып, қоғамдық жұмыстарға атсалысқандары үшін кондитерлік фабриканың қызметкерлері ақшалай сыйлықтарға, Құрмет грамоталарына, Кеңес Одағы бойынша демалыс орындарына жолдамаларға ие боды.
1993 ж. қыркүйегінде – Қостанай кондитерлік фабрикасы «БАЯН СҰЛУ» ашық акционерлік қоғамы атауы болып өзгертілді.
1995 ж. сәуірінде «БАЯН СҰЛУ» ААҚ Президенті болып инженер-механик мамандығының иегері Богер Евгений Александрович тағайындалады.
1996 ж. барлық қызметтерді компьютерлік етхникамен жабдықтауда өндірісті басқарудың жергілікті жүйесі енгізілген.
1996–1997 жж. “ЕDALE E250S” және “EDALE E510i” (Ұлыбритания) буып-түйілген өнімді жасап шығару үшін жаңа заманауи жабдықтары сатып алынды. Энергетикалық дағдарыс жағдайында үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында дизельэлектрогенератор сатып алынды.
1998–1999 жж. карамельді жасап шығару жабдығы мен орау машиналары (Италия өндірісі) іске қосылды.
2000 ж. – жалпы өнімділігі сағатына 16,5 тн. бу шығаратын қазан қатарға қосылды.
2002 ж. – электрмен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 3,8 км (ВЛ 10 кВ) әуе жолын құрастыру жүзеге асырылды.
2003 ж. салындысы бар және салындысы жоқ шоколадтарды жасап шығару жөніндегі желілерін пайдалануға енгізу (Түркия).
Кондитерлік өнімдерді жасап шығару Қазақстанның ішкі нарығына бағытталған. Өнімді өткізу еліміздің бүкіл аймақтарында көтерме сауда арқылы жүзеге асырылады. 900 адам жұмыспен қамтылған. Өнім түрлері 200 атауға дейін өскен. Компания отандық және халықаралық көрмелердің белсенді қатысушысы.
2004 жылдың наурызында «БАЯН СҰЛУ» ААҚ Президенті болып Трайбер Виталий Андреевич тағайындалады.
2006 ж. Халықаралық ISO 9001:2000 стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджменттің Жүйесі еңгізілді
2009 ж. «Баян Сұлу» АҚ фабрикасында ассорти кәмпиттерін және салым қосылған іші бос шоколад дайындауға арналған өндірістік қуаты шамамен сағатына 450 пішін шығаратын,
Германияның «Ubitek» фирмасының жаңа жабдығы пайдалануға енгізілді.
«Баян Сұлу» фабрикасында салмағы 100 гр., 225 гр. кесек шоколад және құрама салынды қосылған кәмпиттерді шығаратын №2 шоколадты цехтың салтанатты тұсаукесері өтті.
2010 ж. – «Баян Сұлу» АҚ логотипін жаңартты. Логотипті жаңартудың басты мақсаты сатып алушылардың арасында брендқа деген қызығушылықтарын арттыру.
2011 ж. – карамель цехында Германияда шығарылған «Klöckner Hänsel Processing GmbH» фирмасының өндірістік қуаты сағатына 1200 кг. карамель шығаруға арналған STRADA 1200 тасқынды желі пайдалануға енгізілді.
2012 ж. –дайын өнімнің сыйымдылығы 3000 тоннаға дейін және жалпы көлемі 3 000 ш.м. қойма пайдалануға енгізілді.
2013 ж. – кәмпит цехында үзіліссіз тәсілмен зефир шығаратын желі жіберілді. Зефир қоспасы Германияда шығарылған Compact Mix 700 фирмы Hansa Industrie-Mixer жабдығында жүзеге асады
Бисквит цехында Австриялық «FHW Franz Haas Waffelmaschinen GmbH» фирмасының вафлялар шығаруға арналған пайдалану желісі орнатылып жіберілді.
2014 ж. –Францияның Dumoulin фирмасының IDA 3002CV драже кәмпиттерін шығару желісі пайдалануға жіберілді, жылына кондитерлік өнімдерді шығару қуаттылығы 1800 тонна, соның нәтижесінде кәсіпорынның өндірістік қуаты 2,7%. өсті.
2015 ж. – «Баян Сұлу» АҚ Президенті болып Садықов Темір Мейрханұлы тағайындалды.
Сапа менеджментінің Жүйесіне сертификациялық аудит ҚР СТ ИСО 9001-2009 (ISO 9001:2008).мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес өткізілді.
Тағам өнімдерінің қауіпсіздік менеджментінің Жүйесі ҚР СТ ИСО 22000-2006 (ISO 22000:2005). мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес енгізілді.
ҚР СТ ИСО 50001-2012 (ISO 50001:2011). мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес энергиялық менеджмент Жүйесі енгізілді.
2016 ж. -Қазақстан Республикасының Президенті кондитерлік фабрикасына келіп кетті. Ол «Баян Сұлу АҚ қызметкерлерінің кәсіпқойлығын жоғары бағалады, сонымен қатар сонғы онжылдықта компанияның екпінді дамуын ерекше атап өтті.
2016 жылғы қыркүйек – «FHW Franz Haas Waffelmaschinen GmbH» австриялық фирмасының вафлялар өндіру желісімен және «Imaforni Int’l S.h.A» италиялық фирмасының печенье өндіру желісімен қамтылған, жылына кондитерлік бұйымдардың 9,5 тоннасын өндіру қуатына ие жаңа бисквиттік цех қолданысқа енгізілді.
2016 жылғы желтоқсан – «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы «Алтын сапа» республикалық байқауында «Халыққа арналған тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясында жеңімпаз атанды.
Сапа кепілдігі
Ынтымақтастық
Басшылық
Пікірлер
Тарихы
Акционерлерге
Бос жұмыс орындары
Саясат
2017 жылы – қуаттылығы жылына 2 800 тонна, нуга мен карамель қосылған, глазурьленген кәмпиттерді Өндіру желісі және қуаттылығы жылына 2 800 тонна, карамель қосылған, глазурьленген печенье Өндіру желісі пайдалануға қосылған.
2018 жылы – қуаттылығы жылына 3 000 тонна, «Haas» фирмасының кәмпиттерін Өндіру желісі пайдалануға қосылған.
2019 жылы – №1 бисквит цехында Buller фирмасының кәмпиттерін Өндіру желісі пайдалануға берілген. Жобаның өндіру қуаттылығы жылына 1 750 тонна кондитерлік өнім.
2019 жылы – №2 бисквит цехында кәмпиттерді Өндіру желісі пайдалануға берілген. «Arkan» түрік фирмасының жабдығы, Италияда өндірілген «MC AUTOMATIONS» фирмасының 2 дана көлемінде өнім орауыш автоматтары. Өндіру қуаттылығы – жылына 1 500 тонна кондитерлік өнім.
2019 жылы – №2 шоколад цехында қантты кондитерлік өнімдерді өндіруге арналған жабдық пайдалануға берілген, шоколадты әртүрлі салындысымен өндіру мүмкіндігі пайда болды. Өндіру қуаттылығы – жылына 400 тонна кондитерлік өнім.
2019 жылы – №2 шоколад цехында «Ассорти» түріндегі қантты кондитерлік кәмпит өнімдерін өндіруге арналған жабдық пайдалануға берілген. Өндіру қуаттылығы – жылына 700 тонна кондитерлік өнім.
2019 жылы – Карамель цехында жұмсақ (шайнау) карамелін өндіру жөніндегі «BOSH» неміс фирмасының қантты кондитерлік өнімдерін Өндіру желісі пайдалануға берілген. Өндіру қуаттылығы – жылына 1 750 тонна кондитерлік өнім.
2021 жылы – №1 бисквит цехында қуаттылығы жылына 3 300 тонна вафляларды Өндіру желісі пайдалануға берілген.