31.07.2015 16:00:00
«Баян Сұлу» АҚ-ның директорлар кеңесі акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлер мен инвесторлар хабардар етілетін сұрақтардың тізбесі бойынша қабылдайтын шешімдері туралы ақпарат
1. Экспорттық операциялардың қаржыландырылуын алу үшін Қоғамның Банкіге жүгінуі келесі шарттар негізінде мақұлдансын:
– қаржыландыру сомасының көлемі – 2 000 000 000 (екі миллиард) теңге, несие желісінің мерзімі – 60 ай, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%, транш мерзімі – 12 ай, негізгі қарызды өтеу шарты – транш мерзімінің соңында, сыйақы төлеу – жартыжылдық төлемдермен, Банкімен несие желісін ашу туралы тиісті келісімді, банктік қарыз шарттарын, Банк тарапынан белгіленген шарттарда және нысан бойынша жаңғыртылатын/жаңғыртылмайтын несие желісін ашу туралы шарттарды және кепілзат шарттарын жасасу арқылы;
– «Лидер» сауда компаниясы» ЖШҚ-мен (22.11.2012 жылғы № 54 шарт) және «Артекс» ЖШҚ-мен (01.01.2014 жылғы № 2 шарт) жасалған келісім-шарттар бойынша болашақта келіп түсетін ақшаны кепілге ұсыну
2. Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді жасасуды мақұлдау: «АзияАгроФуд» АҚ жасалып жатқан несие желісін ашу туралы келісім және жалпы сомасы 2 000 000 000 (екі миллиард) теңгені құрайтын жаңғыртылатын/жаңғыртылмайтын несие желісі туралы шарттар бойынша Банк («Қазақстанның Даму банкі» АҚ) алдындағы Қоғамның («Баян Сұлу» АҚ) міндеттемелерін қамсыздандыру ретінде «АзияАгроФуд» АҚ келесі мүлікін – Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған бекеті, Сүйінбай к-сі, 1 үй мекен-жайында орналасқан мүліктік кешенді кепілге ұсыну бойынша «АзияАгроФуд» АҚ-на жүгіну.