31.05.2023 16:30 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

1)акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 30 мамыр 2023 жыл, басталуы – жергілікті уақыт бойынша сағ. 15. 00 мин., аяқталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ.40 мин. келесі мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ.Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының Күн тәртібін бекіту.

2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2022 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.

3. «Баян Сұлу» АҚ 2022 жылғы қаржылық есептілігін бекіту.

4. «Баян Сұлу» АҚ 2022 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, кәдімгі акциялар бойынша дивиденд төлеу және «Баян Сұлу» АҚ бір кәдімгі акциясының есебімен дивиденд өлшемін бекіту.

5. «Баян Сұлу» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.

6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2022 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.

3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:

1-сұрақ бойынша.

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» -44 504 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Акционерлердің жылдық жиналысының Күн тәртібін бекітілсін:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының Күн тәртібін бекіту.

2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2022 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.

3. «Баян Сұлу» АҚ 2022 жылғы қаржылық есептілігін бекіту.

4. «Баян Сұлу» АҚ 2022 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, кәдімгі акциялар бойынша дивиденд төлеу және «Баян Сұлу» АҚ бір кәдімгі акциясының есебімен дивиденд өлшемін бекіту.

5. «Баян Сұлу» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.

6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2022 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.

2-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 504 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ 2022 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп бекітілсін, Басқарманың жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.

3-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 504 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ 2022 жыл үшін аудит жүргізілген қаржылық есептілігі мына құрамда бекітілсін:

қаржы жағдайы туралы шоғырландырылған есеп;

– пайда мен залал және басқа жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есеп;

– қаржы қаражаты қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп;

– капиталдағы өзгертулер туралы шоғырландырылған есеп;

– шоғырландырылған қаржы есептелігінің ескертпелері.

4-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 704 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – 3 800 000. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ-ның 2022 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша алынған таза табыс бөлінбей, бөлінбеген пайда шотында қалдырылсын, 2022 жылғы қорытындылары бойынша Қоғамның қарапайым акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.

5-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 504 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Акционерлердің «Баян Сұлу» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты 2022 жылғы өтініштері болмағаны туралы ақпарат назарға алынсын.

6-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 504 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасының мүшелеріне 2022 жылы төленетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.