31.05.2022 14:30 Алдағы дивидендтерді төлеу туралы ақпарат
Осы арқылы «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) 2022 жылғы 30 мамыр өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысы Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды (ISIN KZ1C00000165).
1. Дивидендтер төленетін кезең – 2021 жыл.
2. Дивидендтің бір жай акцияға есептегендегі мөлшері – 8 теңге 00 тиын.
3. Дивидендтерді төлеуді бастау күні – 2022 жылғы 26 тамыз.
4. Дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны:
1) дивидендтерді алуға құқылы акционерлер тізімінің күні – 2022 жылғы 22тамыз;
2) «Баян Сұлу» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер «Баян Сұлу» АҚ орналасқан жерде қолма-қол ақшамен және ақшасыз нысанда төленеді.
Дивидендтерді төлеу акционерлердің жалпы жиналысымен Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданған күннен кейін келетін күннен бастап тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс.
Акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер Қоғамда немесе құнды қағаздарды ұстаушылары тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есептеу жүйесінде болмаған жағдайда Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіп пен мерзімдерге сәйкес талап етілмеген ақшаны есептеу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуы тиіс.
3) дивидендтер төлем агентін тартпай-ақ төленеді;
4) Қоғамның атауы, орналасқан жері, банктік және басқа деректемелері:
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы,
110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198
БСН – 930940000055
«Қазақстан Халық банкі» АҚ Қостанай облыстық филиалында ЖСК: KZ546 017 221 000 001 481
БСК – HSBKKZKX
КБЕ -17