31.03.2015 15:30:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының өзі мүдделі болып табылатын мәмілелер болып саналатын мәмілелерді жасасу ниеті туралы ақпарат

      «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі 2015 жылғы « 27 » наурызда № 7 хаттамасында көрсетілген қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді жасасуды мақұлдады: 
1) Банкке ұсынылған соңғы бағалау туралы есеп-қисаптардың бағалау құнын көрсетіп, «АзияАгроФуд» АҚ және «Сбербанк» Сбербанк» АҚ ЕБ (бұдан әрі – Банк) арасында жасалған барлық кепілзат шарттарына мүліктің бағалау құнын өзгерту бөлігінде өзгертулер мен толықтырулар енгізуді мақұлдады:
1) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-1 жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес мақсаттағы) кепілге салу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
2) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-2 жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес мақсаттағы) қайта кепілге салу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
3) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-3 жабдықты қайта кепілге салу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
4) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-4 жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес мақсаттағы) қайта кепілге салу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
5) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-5 тауарларды қайта кепілге салу және қайта өңдеу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
6) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-6 тауарларды қайта кепілге салу және қайта өңдеу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
7) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-7 тауарларды қайта кепілге салу және қайта өңдеу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
8) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-8 тауарларды қайта кепілге салу және қайта өңдеу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша;
9) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-9 автокөлік құралын қайта кепілге салу туралы шарт пен оның қосымша келісімі бойынша; 

2) «АзияАгроФуд» АҚ және Банк арасында жасалған Технологиялық жабдықты кепілге салу туралы шарт бойынша «АзияАгроФуд» АҚ міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынуды мақұлдады:
– 26.03.2013 жылғы № 24 келісім-шарт бойынша сатып алынған және әкелінген, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй мекен-жайында орналасқан, IDA 3002CV драже өндіретін технологиялық жабдығы;
– кондитерлік өнеркәсіптіке арналған технологиялық жабдық: 2012 жылдың 20 желтоқсанындағы №212/ALM-2012 сатып алынған және әкелінген, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй мекен-жайында орналасқан, SWAKN типті салындысы бар вафляларды өндіруге арналған 1-типті өнеркәсіптік қондырғы;
– болашақта 06.12.2013 ж. № 104916 келісім-шарты бойынша келіп түсетін, карамельді өндіруге арналған жабдық (соның ішіне MILLETWIST 8012 типті 10 (он) орау автоматы кіреді)
Банктің алдындағы «АзияАгроФуд» АҚ міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретіндегі жалпы бағалау құны 1 695 143 182 теңге құрайды: 
09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО несие желісін ашу туралы келісім:
1) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО_02 шарт;
2) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО_01 шарт;
3) 25.11.2014 жылғы №14-53431-00-КЛ шарт.