30.12.2015 16:00:00
«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесімен қабылданған шешімдер туралы ақпарат
110006 Қостанай қ-сы Бородин к-сі, 198 мекенжайы бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі 29.02.2015 жылы жергілікті уақытпен сағат 15-те өткен отырыста № 29 хаттама келесідей шешім қабылдады:
Қоғамның оларды жасауда қызығушылығы бар мәмілелерді жасау мақұлдансын:
– «Баян Сұлу» АҚ-ның «АзияАгроФуд» АҚ-мен үй-жайды жалға беру шартын жасау, оған келісімді «АзияАгроФуд» АҚ «Баян Сұлу» АҚ-на қызметтік пайдалану үшін, жалпы ауданы 20 ш.м., Алматы обл., Қарасай ауданы, Шамалған ст., Сүйінбай к-сі, 1 мекен-жайы бойынша орналасқан үй-жайды және онда орнатылған және тұрған телефон желісін жалға ұсынады.
Коммуналдық қызмет көрсету, күзет, телефон байланысы қызметтері үшін төлемдермен үй-жайды пайдаланған үшін жалға беру ақысы айына 5000 (бес мың) теңге құрайды, шарттың қолданылу мерзімі 31.12.2016ж. дейін;
– «Баян Сұлу» АҚ-ның «АзияАгроФуд» АҚ-мен 2015ж. 01 ақпандағы № 1-БС Тауар қоймасында сақтау шартына Қосымша келісімді жасау, оған келісімді Шарттың 5 б. 5.1. т. мына редакцияда жазылсын:
«Шарт екі Тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 2016ж. 29 ақпанға дейін қолданылады».