30.06.2021 15:00 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

1)акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 25 маусым 2021 жыл, басталуы – жергілікті уақыт бойынша сағ. 15. 00 мин., аяқталуы – жергілікті уақыт бойынша 16 сағ.05 мин. келесі мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ.Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:.

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының Күн тәртібін бекіту.

2. Есеп комиссиясының сандық құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау.

3. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2020 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.

4. «Баян Сұлу» АҚ 2020 жылғы қаржылық есептілігін бекіту.

5. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2020 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы және «Баян Сұлу» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивидендтер мөлшерін бекіту.

6. «Баян Сұлу» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.

7. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2020 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.

8. Жасауда мүделілігі бар ірі мәмілені «Баян Сұлу» АҚ жасау туралы.

3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:

1-сұрақ бойынша.

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 714 131 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Акционерлердің жылдық жиналысының Күн тәртібін бекітілсін:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының Күн тәртібін бекіту.

2. Есеп комиссиясының сандық құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау.

3. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2020 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.

4. «Баян Сұлу» АҚ 2020 жылғы қаржылық есептілігін бекіту.

5. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2020 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы және «Баян Сұлу» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивидендтер мөлшерін бекіту.

6. «Баян Сұлу» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.

7. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2020 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау

8. Жасауда мүделілігі бар ірі мәмілені «Баян Сұлу» АҚ жасау туралы.

2-сұрақ бойынша.

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 714 131 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

5 адам құрамындағы есеп комиссиясы сайлансын:

Галиева Жанар Турсынбаева, комиссия төрағасы, Қоғамның заң қызметінің бастығы,

Деркач Светлана Николаевна, комиссия мүшесі, Қоғамның бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы,

Литвиненко Артем Викторович, комиссия мүшесі, Қоғамның заң қызметінің кеңесші, заңгері,

Альмухамедова Арай Каиркановна, комиссия мүшесі, Қоғамның кадрлар бөлімінің бастығы,

Назаренко Екатерина Владимировна, комиссия мүшес,Қоғамның маркетинг бөлімінің сатып алу жөніндегі менеджері.

Есеп комиссия мүшелерінің өкілеттік мерзімі акционерлердің жылдық жалпы жиналысын 2024 жылы өткізу күніне дейін белгіленсін.

3-сұрақ бойынша.

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 714 131 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ 2020 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп бекітілсін, Басқарманың жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.

4-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 714 131 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ 2020 жыл үшін аудит жүргізілген қаржылық есептілігі мына құрамда бекітілсін:

– қаржылық күйі туралы есеп;

– пайда немесе шығын туралы және өзге бірлескен табыс туралы есеп;

– ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп;

– капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

– түсіндірме жазба (қаржылық есептіліктің ескертпелері).

5-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 714 131 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

1.«Баян Сұлу» АҚ 2020 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша алынған 2 800 869 562 теңге сомасындағы таза табысты бөлу тәртібі бекітілсін:

– 357 280 000 теңге сомасындағы таза табыстың бөлігі Қоғамның кәдімгі акциялары бойынша дивидендтерді төлеу үшін бағытталсын;

2 443 589 562 теңге сомасындағы таза табыстың қалған бөлігі бөлінбесін, Қоғамның бөлінбеген пайда шотында қалсын.

2. Дивидендтерді төлеу үшін бағытталатын Қоғамның таза пайдасының сомасына, мөлшеріндегі сомасына, 44 660 000 – орналастырылған кәдімгі акциялардың мөлшеріне сүйене отырып, 1 (бір) кәдімгі акция есебімен 8 теңге 00 тиын сомасында 2020 жылғы дивиденд мөлшері бекітілсін.

3. Дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны белгіленсін:

1) дивидендтердің төлене басталатын күні 2021 жылғы 31 тамыз болып белгіленсін;

2) дивидендтерді алу құқығы бар акционерлер тізімінің күні 2020 жылғы 23 тамыз болып белгіленсін;

3) «Баян Сұлу» АҚ қарапайым акциялары бойынша дивидендтер «Баян Сұлу» АҚ орналасқан жерде қолма-қол ақшамен және ақшасыз нысанда төленеді.

Дивидендтерді төлеу акционерлердің жалпы жиналысымен Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданған күннен кейін келетін күннен бастап тоқсан күннен кешіктірмей жүзеге асырылуы тиіс.

Акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер Қоғамда немесе құнды қағаздарды ұстаушылары тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есептеу жүйесінде болмаған жағдайда Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіп пен мерзімдерге сәйкес талап етілмеген ақшаны есептеу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуы тиіс.

4) дивидендтер төлем агентін тартпай-ақ төленеді;

5) Қоғамның атауы, орналасқан жері, банктік және басқа деректемелері:

«Баян Сұлу» Акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы,

110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198

ЖСК – KZ11914398412ВС02320, «Сбербанк России» АҚ Еншілес Банкінің филиалында;

БСК – SABRKZKA

БСН – 930940000055.

6-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 714 131 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Акционерлердің «Баян Сұлу» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты 2020 жылғы өтініштері болмағаны туралы ақпарат назарға алынсын.

7-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 714 131 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасының мүшелеріне 2020 жылы төленетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.

8-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 714 131 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

1. Қоғам, «АзияАгроФуд» ЖШҚ, «Sweet City» ЖШҚ арасында жасауда мүдделілігі бар, бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ жасалған, өзара байланысты мәмілелер жиынтығымен көрсетілген, «Баян Сулу» АҚ ірі мәмілені жасауы мақұлдансын, бұл Жаңғыртылатын кредит желісін ашу туралы 09.06.2014 жылғы № 14-22214-09-КЛ шарты бойынша Қоғамның міндеттемелері бойынша: кредит желісінің сомасы 6 515 000 000 (алты миллиард бес жүз он бес миллион) теңге мөлшерінде, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,5% дейін, кредит желісінің мерзімі 31.12.2023 ж., қаржыландыру талаптарының өзгеруіне және осыған орай келесі келісімдерге қол қоюымен байланысты болады:

1) Жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес тағайындаудағы) кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-1 шартына және оның қосымша келісімдеріне;

2) Жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес тағайындаудағы) қайталама кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-2 шартына және оның қосымша келісімдеріне;

3) Жабдықты қайталама кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-3 шартына және оның қосымша келісімдеріне;

4) Жабдықты кепілге салу туралы 02.04.2015 жылғы №14-0022ЦО-11 шартына және оның қосымша келісімдеріне;

5) Жабдықты кепілге салу туралы 02.04.2015 жылғы №14-0022ЦО-12 шартына және оның қосымша келісімдеріне;

6) Жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес тағайындаудағы) қайталама кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-4 шартына және оның қосымша келісімдеріне;

7) Айналымдағы және қайта өңдеудегі тауарларды қайталама кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-5 шартына және оның қосымша келісімдеріне;

8) Айналымдағы және қайта өңдеудегі тауарларды қайталама кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-6 шартына және оның қосымша келісімдеріне;

9) Айналымдағы және қайта өңдеудегі тауарларды қайталама кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-7 шартына және оның қосымша келісімдеріне;

10) Айналымдағы және қайта өңдеудегі тауарларды қайталама кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-8 шартына және оның қосымша келісімдеріне;

11) Көлік құралдарын қайталама кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-9 шартына және оның қосымша келісімдеріне;

12) Жабдықты кепілге салу туралы 02.10.2015 жылғы №14-0022ЦО-10 шартына және оның қосымша келісімдеріне;

13) Мүліктік құқықты (тауар белгісіне арналған айрықша құқық) кепілге салу туралы 12.10.2015 жылғы №14-0022ЦО-11 шартына және оның қосымша келісімдеріне;

14) Жабдықты кепілге салу туралы 15.08.2017 жылғы №14-0022ЦО-15 шартына және оның қосымша келісімдеріне;

15) Жабдықты кепілге салу туралы 06.11.2018 жылғы № 14-0022ЦО_01-alm-ДЗ-019 шартына және оның қосымша келісімдеріне;

16) Жабдықты кепілге салу туралы 15.08.2017 жылғы №14-0022ЦО-14 шартына;

17) Жылжымайтын мүлікті (жер телімін) кепілге салу туралы 25.06.2015 жылғы №15-08650-00-ДЗ-002 шартына;

18) Жабдықты кепілге салу туралы 20.11.2018 жылғы №14-0022ЦО-01-alm –ДЗ -020 шартына;

19) Кепілдік туралы 10.07.2017 жылғы №14-222-09-КЛ-Г2 шартына;

20) Кепілдік туралы 17.07.2017 жылғы №15-08654-09-ДГ-002 шартына;

21) Кепілдік туралы 25.06.2015 жылғы №15-08654-09-ДГ-001 шартына;

22) Кепілдік туралы 09.06.2014 жылғы №14-222-09-КЛ-Г1 шартына.

2. Қоғамның Президенті – Басқармасының Төрағасы Садықов Тимур Мейрханұлы мырзаға және/немесе Қоғамның қаржылық директоры Губарева Ольга Викторовна ханымға Келісімге, Шарттарға, оның ауқымында жасалатын барлық/кез-келген шарттарға және/немесе келісімдерге, сондай-ақ Келісімнің, Шарттардың, Кепілзат шарттарының, Кепілдік шартының ажырамас бөлігі болып табылатын барлық қосымша келісімдерге, оларға қатысты қосымша келісімдерге және осы шешімді орындау үшін қажет өзге құжаттарға қол қою құзыреті берілсін.