29.11.2013 01:00:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының ірі мәмілені жасасу ниеті туралы ақпарат

Осы құжат арқылы «Баян Сұлу» АҚ (одан әрі – Қоғам) Қоғамның Директорлар кеңесі «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілені жасасатындығы туралы шешім қабылдады: 1) Акционерлік Қоғамның ірі мәмілені жасасу туралы шешім қабылдаған күні – «Баян Сулу» АҚ Директорлар кеңесінің 27.11.2013 ж. шешімі, №19А хаттама; 2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны – 7 015 598 500 (жеті миллиард он бес миллион бес жүз тоқсан сегіз мың бес жүз) теңге; 3) мәміленің мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні – 2013 жылдың 18 қарашасы; 4) мәміленің мәні болып табылатын мүлік құнының осы акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы – 39.4%; 5) мәміленің негізгі маңызды шарттары: 24.01.2013 ж. № 2000/13/1 Бас Несиелік Келісім (несиелік лимитті белгілеу туралы) (одан әрі – БНК-1) бойынша Қоғамның несиелік міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде хаттаманың №1 қосымшасына сәйкес құны 7 015 598 500 (жеті миллиард он бес миллион бес жүз тоқсан сегіз мың бес жүз) теңгені құрайтын (2013 жылдың 18 қарашасындағы №13/380-11 бағалау туралы есеп-қисабына сәйкес) Қоғам мүлігін «БТА Банк» ационерлік қоғамына (одан әрі – Банк) беру, БНК шарттары бойынша Банк 3 032 975 378,00 (үш миллиард отыз екі миллион тоғыз жүз жетпіс бес мың үш жүз жетпіс сегіз) теңге 00 тиын көлеміндегі несиелік желіні 2019 жылдың «10» қаңтарына дейін тағайындады; 6) мәмілені жасасу күні – келешекте кепіл келісім-шартын жасасу күні.