28.11.2013 01:00:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді жасау ниеті туралы ақпараты

Осы құжат арқылы «Баян Сұлу» АҚ (одан әрі – Қоғам) Қоғамның Директорлар кеңесі Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді жасасу ниеті туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлайды: 1) Акционерлік Қоғамның органы Қоғамның өзі мүдделі болып табылатын мәмілені жасасу ниеті туралы шешім қабылдаған күні – «Баян Сұлу» АҚ-ң Директорлар кеңесінің 27.11.2013 жылғы шешімі, №20 хаттама; 2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны – қолданылмайды; 3) мәміленің мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау – қолданылмайды; 4) мәміленің мәні болып табылатын мүлік құнының осы акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына қатысты мәміленің құнына пайыздық қатынасы – қолданылмайды; 5) мәміленің негізгі маңызды шарттары – «Баян Сұлу» АҚ «БТА Банк» АҚ-ға (одан әрі – Банк) ұсынған мүлікті таратуды мақұлдау, оның тізбесі мен айрықшаламасы отырыс хаттамасының №1 қосымшасында анықталған, ол мынадай міндеттемелерді қамтамасыз етуге арналған: «АзияАгроФуд» АҚ 24.01.2013 ж. №2000/13/2 Бас Несиелік Келісім бойынша (одан әрі – БНК-2), 2 585 000 000 (Екі миллиард бес жүз сексен бес миллион) теңгені құрайтын жалпы ұлғайтылған сомаға 2019 жылдың 10 қаңтарын қоса алғандағы мерзімге дейін, соның ішінде 1 000 000 000,00 (Бір миллиард) теңгені 2016 жылдың «25» желтоқсанына дейінгі мерзімде, мынадай мақсаттар үшін – оның шегінде жасалған және ажырамас бөлігі болып табылатын әрбір/кез-келген келісім-шарт және/немесе келісім, кепілзат келісім-шартының қосымша келісімдеріне қол қою; 6) мәмілені жасасу күні – болашақта БНК-ге және кепілге қою келісім-шартына қатысты қосымша келісім жасалған күн.