28.06.2013 01:00:00
2013 жылғы24 маусымда өткен «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындылары туралы хабарлама.
«Баян Сұлу» АҚ, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 110006 Қостанай қ., Бородин көш., 198, мынаны хабарлайды, 2013 жылғы24 маусымда акционерлердің жылдық жалпы жиналысы болып өтті, онда Қоғамның дауысқа түсетін жай акцияларының жалпы санының83,7454% құрайтын37 400 700 (отыз жеті миллион төртжүз мың жеті жүз) акцияның иесі, жиналысқа қатысуға жəне дауыс беруге құқығы бар, акционерлер тізіміне енгізілген, өзінің өкілі арқылы іс-əрекет жасайтын1 акционер қатысты. Күн тəртібі бойынша келесі шешімдер қабылданды: 1-мəселе бойынша: 1. Құрамы3 адамнан тұратын есепте комиссиясы сайлансын: Коломейцева С.П.– комиссия төрайымы, Қоғамның бас юрисконсульты, Лайконина А.А.– комиссия мүшесі, Қоғам конфет цехының басшысы, Грунёва Т.В. – комиссия мүшесі, Қоғам карамель цехының басшысы. 2. Есеп комиссиясының өкілеттік мерзімі акционерлердің келесі жалпы жиналысының мерзіміне дейін, қоса алғанда, белгіленсін. 2 – мəселе бойынша : Акционерлер жалпы жиналысының күн тəртібі бекітілсін: 1. Санақ комиссиясының құрамдық санын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау. 2. Акционерлер жалпы жиналысының күн тəртібін бекіту. 3. Өздерінің2012 жылғы қызмет қорытындысы туралы Қоғам Басқармасының есебі. 4. Қоғамның2012 жылғы қаржы есебін бекіту. 5. Қоғамның есептік қаржылық жылындағы таза табысты бөлу тəртібін бекіту. 6. Дивидендтер туралы. 7. Қоғам жарғысына өзгерістер енгізу туралы. 8. Директорлар Кеңесінің құрамдық санын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ өздерінің міндеттерін орындағаны үшін директорлар Кеңесінің мүшелеріне сыйақы жəне өтемақы төлеу мөлшерлерін анықтау. 9. Қоғамның жəне оның лауазымды тұлғаларының іс-əрекетіне акционерлердің жүгінуі жəне оларды қарастыру қорытындылары. 10. 2012 жыл бойынша директорлар Кеңесі жəне Қоғам басқармасы мүшелеріне сыйақы бері мөлшері жəне құрамы туралы Қоғам акционерлерін ақпараттандыру. 3-мəселе бойынша: Өздерінің2012 жылғы қызмет қорытындысы туралы Қоғам Басқармасының есебі бекітілсін жəне Басқарма жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын. 1 4-мəселе бойынша: Қоғамның2012 жылғы аудитталған қаржы есебі бекітілсін: – қаржы жағдайы туралы есеп; – бірлескен кіріс туралы есеп; – қаржы құралдарының қозғалысы туралы есеп; – капиталдың өзгерісі туралы есеп; – түсінік жазбалары(қаржы есебіне ескертпелер). 5-мəселе бойынша: 2012 жылғы«Баян Сұлу» АҚ жұмысының қорытындысы бойынша алынған 635,894млн. теңге сомасындағы барлық пайда өндірістің өркендеуіне бағытталсын. 6-мəселе бойынша: 2012 жылғы«Баян Сұлу» АҚ жұмысының қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төленбесін. 7-мəселе бойынша: 1. Қоғам жарғысына енгізілген өзгеріс бекітілсін. 2. Басқарма Төрағасы– Қоғам Президенті В.А. Трайбер мырзаға Қоғам жарғысына енгізілген өгеріске қол қоюға өкілеттік берілсін. 8-мəселе бойынша: 1. Директорлар Кеңесінің құрамдық саны5 адам болып бекітілсін. 2. Директорлар Кеңесінің өкілеттік мерзімі3 жыл болып белгіленсін, бұл жаңа директорлар Кеңесі сайланатын акционерлердің жалпы жиналысын өткізу мерзімінде күшін жояды. 3.Директорлар Кеңесінің құрамы сайлансын: 1.Баймуратов Ерлан Уразгельдиевич, «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамы ірі акционерінің өкілі. 2. Трайбер Виталий Андреевич, «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамы ірі акционерінің өкілі. 3.Талгатбек Алихан Кайратбекулы, «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамы ірі акционерінің өкілі. 4. Касимов Булат Даулетханович- тəуелсіз директор. 5. Алдонгаров Сабыр-бек Садыкович – тəуелсіз директор. 4. Директорлар Кеңесі мүшелеріне олардың өкілеттік мерзімі ішінде айсайынғы сыйақы штат кестесінде анықталған шартта жəне мөлшерде жүргізілсін. 9-мəселе бойынша: 2012 жыл бойы Қоғмның жəне оның лауазымды тұлғаларының іс-əрекетіне акционерлердің жүгінуі болмағандығы туралы Ақпарат назарға алынсын. 10-мəселе бойынша: 2 3 Директорлар Кеңесі жəне Қоғам Басқармасы мүшелерінің сыйақысы мөлшері мен құрамы туралы Ақпарат назарға алынсын. Есеп комиссиясының Төрағасы Коломейцева С.П. Комиссия мүшелері Лайконина А.А. Грунёва Т.В. Исп. Зайцева С.В. 8(7142)56 25 41