28.05.2024 16:00 «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің 2023 жылғы жұмыс қорытындылары туралы жалпы жылдық жиналысына шақыру туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш.,198 мекенжай бойынша орналасқан «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы 2023 жылғы жұмыс қорытындылары туралы жалпы жылдық жиналысына шақыру туралы хабарлайды.

Қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері: «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Басқармасы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198.

Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысын шақыруды бастаушысы туралы мәліметтер: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесі.

Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысы өтетін күні, уақыты және орны:

2024 жылғы 28 маусым жергілікті уақытпен 15 сағат 00 мин., Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.

Жиналыс қатысушыларын тіркеудің басталу уақыты: жергілікті уақытпен 14 сағат 30 минут.

Егер бірінші жиналыс өткізілмеген болса, қоғам акционерлерінің өткізілуі тиіс жалпы жиналысы қайта өтетін күні және уақыты:

2024 жылғы 29 маусым, жергілікті уақытпен 15 сағат 00 минут.

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні: 2024 жылғы 30 мамыр.

Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына арналған Күн тәртібін бекіту.

2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2023 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.

3. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігін бекіту.

4. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2023 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, 2023 жылғы дивидендтер туралы.

5. «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.

6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2023 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.

7. Жасалуы мүдделі ертеректе жасалған “Bereke Bank” АҚ-мен “Баян Сұлу” АҚ арасындағы ірі мәмілеге өзгерістер енгізу туралы.

8. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау, Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақылар мен өтемақыларды төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау туралы.

Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдармен қоғам акционерлерінің танысу тәртібі:

акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдар жиналыс өткізу күніне дейін он күннен кешіктірмей акционерлерге танысу үшін мына мекенжайы бойынша қолжетімді болады: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш.,198; акционер сұранысы болғанда – сұраныс алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жолданатын болады.

Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысын өткізу тәртібі:

Акционерлердің жалпы жылдық жиналысын ашу үшін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Өзімен бірге тұлғаны куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционер өкілі акционерлердің жалпы жылдық жиналысына қатысу және дауыс беру өкілеттігін растайтын сенімхат ұсынуы тиіс.

Тіркелмеген Акционер (Акционердің өкілі) кворум анықталғанда есептелмейді және оның дауыс беруге қатысу құқығы жоқ.

Жалпы жиналыста арнайы шақырылмаған басқа тұлғалар қатыса алмайды. Ондай тұлғалардың акционерлердің жалпы жиналысында жиналыс төрағасының рұқсатымен сөз сөйлеу құқығы бар.

Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болғанда жарияланған уақытта ашылады.

Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыс ашылу уақытын өзгертуге қарсы болмаған жағдайды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы жарияланған уақыттан бұрын ашылуы мүмкін емес.

Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасы (президиумі) мен хатшысын сайлауды жүргізеді, ашық немесе (бюллетеньдер бойынша) жасырын – дауыс беру нысанын анықтайды. Атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.

Осы акционерлердің жалпы жылдық жиналысында дауыс беру мына жағдайларды қоспағанда «бір акция – бір дауыс» қағидаты бойынша жүргізіледі акционерлердің жалпы жылдық жиналысының төрағасы (президиумі) мен хатшысын сайлау жөніндегі мәселе бойынша дауыс беру, әрбір акционердің бір дауысы бар болғанда, ал шешім қатысқандар санынан қарапайым дауыс көпшілігімен қабылданатын болғанда.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілуі мүмкін:

1) өздігінен немесе басқа акционерлермен жиынтығында қоғамның дауыс беруші акцияларының бес немесе одан да артық пайызына ие болатын акционерлермен немесе қоғам акционерлері осындай толықтырулар туралы жалпы жиналысты өткізу күніне дейін кемінде он бес күн бұрын хабарланған шарты сақталғанда директорлар кеңесімен ұсынылған толықтырулар;

2) оларды енгізу үшін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысатын және қоғамның дауыс беруші акцияларының жиынтығында кемінде тоқсан бес пайызына ие болатын акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі дауыс берген өзгерістер және (немесе) толықтырулар.

Жалпы жиналыстың күн тәртіпке енгізілмеген мәселелерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау құқығы жоқ.

Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында төрағаның қарастырылатын мәселе бойынша пікірталасты тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс беру тәсілін өзгерту туралы ұсынысты дауыс беруге шығару құқығы бар.

Төрағаның күн тәртібіндегі мәселені талқылауға қатысу құқығы бар тұлғаларға кедергі жасау құқығы жоқ, осындай сөйлеу сөздері акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соқтыратын немесе осы мәселе жөнінде пікірталас тоқтатылған жағдайлар кірмейді.

Акционерлердің жалпы жиналысының өз жұмысында үзіліс жасау және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, соның ішінде Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жеке мәселелерін қарауды келесі күнге қалдыру туралы шешім қабылдау құқығы бар.

Акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарағаннан және олар бойынша шешім қабылдағаннан кейін ғана жабылған деп жариялуы мүмкін.

Дауыс беру нәтижелері бойынша есептеу комиссиясы дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы жасайды және оған қол қояды.

Акционердің дауыс беруге шығарылған мәселе жөнінде ерекше пікірі болған кезде қоғамның есептеу комиссиясы хаттамаға тиісті жазу енгізуге міндетті.

Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысын жапқаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде құрастырылады және қолдары қойылады.

Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы сәйкестілікте жүргізілетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 22, 23; 35 – 37; 39 – 48; 50 -52; 68-73-баптары, ҚР ЖС 28.12.2009ж. №8 НҚ 13,15,16, 17,19,20-тармақтары.