27.05.2016 17:00:00

  1. «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған шешімдер жөніндегі ақпарат

1) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының өткізілу күні, уақыты және орны: 2016 жылдың 26 мамыры, басталуы – жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де, аяқталуы – 16 сағат 20 м. мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, мәжіліс залы. 
2) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

  1. Есептік комиссиясының сандық құрамы мен құзыреттілік мерзімін анықтау, мүшелерін сайлау.
  2. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
  3. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2015 жылғы өз қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап беру.
  4. «Баян Сұлу» АҚ-ң 2015 жылғы қаржылық есеп-қисабын бекіту.
  5. «Баян Сұлу» АҚ-ң 2015 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
  6. Үлесақылар туралы.
  7. «Баян Сұлу» АҚ директорлары Кеңесінің сандық құрамын, оның сайланған мүшелерінің уәкілеттілік мерзімін анықтау, сондай-ақ Директорлар кеңесі мүшелерінің өз міндеттерін орындағаны үшін оларға сыйақылар және өтемақылар төлеу мөлшері мен шарттарын анықтау.
  8. Акционерлердің «Баян Сұлу» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне жүгінуі және оларды қарастыру қорытындылары туралы.
  9. «Баян Сұлу» АҚ-ң акционерлеріне Қоғамның Басқармасы мен Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2015 жыл үшін берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат ұсыну.
    3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы тарапынан қабылданған шешімдер, дауыс беру қорытындысы (нәтижесі):

1 мәселе бойынша.

Дауыс беру нәтижесі: «Жақтаушы» – 40 716 832 дауыс. «Қарсы» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

  1. Келесі құрамдағы 3 адамнан құралған есептеу комиссиясы сайлансын: Коломейцева С.П.– комиссиясының төрағасы, Қоғамның аға кеңесші заңгері,

Лайконина А.А. – комиссия мүшесі, Қоғамның кәмпит цехының басшысы,

Грунёва Т.В. – комиссия мүшесі, Қоғамның карамель цехының басшысы.

  1. Есептеу комиссиясы мүшелерінің өкілеттік мерзімі акционерлердің келесі жылдық жалпы жиналысы өткізілетін күнді қоса алған мерзімге дейін белгіленсін. 

2 мәселе бойынша.

Дауыс беру нәтижесі: «Жақтаушы» – 40 716 832 дауыс. «Қарсы» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту:

  1. Есептік комиссиясының сандық құрамы мен құзыреттілік мерзімін анықтау, мүшелерін сайлау.
  2. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
  3. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2015 жылғы өз қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап беру.
  4. «Баян Сұлу» АҚ-ң 2015 жылғы қаржылық есеп-қисабын бекіту.
  5. «Баян Сұлу» АҚ-ң 2015 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
  6. Үлесақылар туралы.
  7. «Баян Сұлу» АҚ директорлары Кеңесінің сандық құрамын, оның сайланған мүшелерінің уәкілеттілік мерзімін анықтау, сондай-ақ Директорлар кеңесі мүшелерінің өз міндеттерін орындағаны үшін оларға сыйақылар және өтемақылар төлеу мөлшері мен шарттарын анықтау.
  8. Акционерлердің «Баян Сұлу» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне жүгінуі және оларды қарастыру қорытындылары туралы.
  9. «Баян Сұлу» АҚ-ң акционерлеріне Қоғамның Басқармасы мен Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2015 жыл үшін берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат ұсыну.
    3 мәселе бойынша.

Дауыс беру нәтижесі: «Жақтаушы» – 40 716 832 дауыс. «Қарсы» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім: 
«Баян Сұлу» АҚ Басшылығының 2015 жылғы қызметінің нәтижесі туралы Есебін бекіту, Басшылық жұмысын қанағаттанарлық деп тану. 
4 мәселе бойынша.

Дауыс беру нәтижесі: «Жақтаушы» – 40 716 832 дауыс. «Қарсы» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім: 

«Баян Сұлу» АҚ-ның 2015 жыл бойынша аудиттелген қаржылық есебін мына құрамда бекіту: 
– қаржылық жағдай туралу есеп-қисап; 
– жиынтық кіріс туралы есеп; 
– ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп-қисап; 
– капитал өзгерісі туралы есеп; 
– түсіндірме жазба (қаржылық есептерге қосымша ескертулер).

5 мәселе бойынша.

Дауыс беру нәтижесі: «Жақтаушы» – 40 716 832 дауыс. «Қарсы» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ-ның 2015 жылғы жұмысының қорытындысы бойынша 1 752 668 131 теңге сомасында алынған таза кірісті бөлу тәртібі:

– 446 600 000 теңгені «Баян Сұлу» АҚ-ның жай акциялары бойынша 2015 жылғы дивидендтерін төлеуге бағыттау;

– 1 306 068 131 теңгені өндірісті дамытуға бағыттау. 

6 мәселе бойынша.

Дауыс беру нәтижесі: «Жақтаушы» – 40 716 832 дауыс. «Қарсы» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

  1. 446 600 000 теңге көлеміндегі «Баян Сұлу» АҚ-ның жай акциялары бойынша 2015 жылғы дивидендтерін төлеуге бағытталған «Баян Сұлу» АҚ-ның таза кіріс сомасы, 44 660 000 – жарияланған жай акциялардың негізінде, 2015 жыл бойынша 1 (бір) жай акцияға 10 теңге 00 тиын сомасындағы дивиденд көлемін бекіту.
  2. Дивидендтердің төлене басталатын күні 2016 жылғы 15 маусым болып белгіленсін.

3.Дивидендтерді төлеудің аяқталатын мерзімін белгілемеу керек.

  1. Дивидендтерді алуға құқылы акционерлер тізімінің күні – 2016 жылғы 01 маусым болып белгіленсін.

5.Дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны: «Баян Сұлу» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер «Баян Сұлу» АҚ орналасқан жері бойынша қолма-қол нысанда ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда төленеді.

  1. «Баян Сұлу» АҚ, дивидендтерді төлеу үшін төлем агентін тартпайды.
  2. «Баян Сұлу» АҚ атауы, орналасқан жері, банктік және басқа деректемелері:

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин к-сі, 198 үй

ЖСК – KZ11914398412ВС02320, «Ресей Жинақ банкі» АҚ Еншілес Банкінің филиалында;

БСК – SABRKZKA

БСН – 930940000055

  1. «Баян Сұлу» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешімі, шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде Қоғам жарғысымен бекітілген бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы керек.

7 мәселе бойынша.

Дауыс беру нәтижесі: «Жақтаушы» – 40 716 832 дауыс. «Қарсы» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

  1. «Баян Сұлу» АҚ-ның 5 адамнан тұратын Директорлар кеңесінің құрамын бекіту.
  2. Жаңа Директорлар кеңесі сайланатын акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күні мерзімі өтетін «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін (– 3 жыл) бекіту.
  3. «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесін мына құрамда сайлау:

1.Баймуратов Ерлан Уразгельдиевич, Қоғамның ірі акционері «KazFoodProducts» ЖШС-нің өкілі.

2.Садыков Тимур Мейрханович, Қоғамның ірі акционері «KazFoodProducts» ЖШС-нің өкілі.

3.Талгатбек Алихан Кайратбекулы, акционер, Қоғамның ірі акционері «KazFoodProducts» ЖШС-нің өкілі.

  1. Касимов Булат Даулетханович – тәуелсіз директор
  2. Алдонгаров Сабыр-бек Садыкович – тәуелсіз директор
  3. «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі мүшелеріне, өкілеттік мерзімі аясында штаттық кестемен белгіленген көлем мен шарт бойынша ай сайын өнім өндірудегі өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеу. 

8 мәселе бойынша.

Дауыс беру нәтижесі: «Жақтаушы» – 40 716 832 дауыс. «Қарсы» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ және оның қызметтік тұлғаларының әрекеттеріне 2015 жылы акционерлер тарапынан жүгінулер болмағандығы жөніндегі ақпаратты ескеру. 

9 мәселе бойынша. Дауыс беру нәтижесі: «Жақтаушы» – 40 716 832 дауыс. «Қарсы» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ Басқармасы мен Директорлар кеңесі мүшелерінің 2015 жыл бойынша алатын сыйақыларының көлемі мен құрамы жөніндегі ақпаратты ескеру. 

4) акционерлік қоғамның шешімдері бойынша өзге ақпараттар – жоқ.