26.01.2022 16:00 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

1) Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 2022 жылғы 21қаңтар , басталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ. 00 мин. жергілікті уақыт, аяқталуы – 15 сағ. 50 мин. жергілікті уақыт, мына мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, мәжіліс залы
2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. Жасауда қоғам мүдделілігі бар, бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ жасалған «Баян Сұлу» АҚ-ның ірі мәмілесіне өзгертулерді енгізу туралы.
3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:
1-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 714 193 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Акционерлердің кезектен тыс жиналысының күн тәртібі бекітілсін:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. Жасауда қоғам мүдделілігі бар, бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ жасалған «Баян Сұлу» АҚ-ның ірі мәмілесіне өзгертулерді енгізу туралы.
2-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 714 193 дауыс. «Қарсы болғандар – жоқ.«Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Жасауда қоғам мүдделілігі бар, бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ жасалған «Баян Сұлу» АҚ-ның ірі мәмілесіне өзгертулерді енгізу мақұлдансын.