24.11.2015 17:00:00

03.04.2015 және 02.10.2015 жылғы кезең аралығындағы «Баян Сұлу» Акционерлік қоғамының бағалы қағаздарын орналастыру қорытындысы туралы есеп-қисапты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бекітуі туралы ақпарат

1) бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өткізген мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі;

бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркеуден өткен күні: 2010 жылғы 02 сәуір;

2) шығарылымға жарияланған бағалы қағаздардың түрі, саны: 100 000 000 (жүз миллион) жай акция;

бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірі:  KZ1C24120012;

3) облигациялар шығарылған жағдайда, солар бойынша номинал құны, айналым мерзімі және өтеу тәртібі, табыс төлеу тәртібі мен мерзімі, ковенанттар және (немесе) шығарылымда көрсетілген өзге шектеулер: қолданылмайды;

4) жарияланған бағалы қағаздардың санын ұлғайту:

бағалы қағаздар шығарылмына, жарияланған бағалы қағаздардың санын ұлғайту бөлігінде енгізілген өзгерістердің мемлекеттік тіркеуден өткен күні: 2010 жылғы 02 сәуір;

жарияланған бағалы қағаздардың санын ұлғайту туралы шешімнің қабылданған күні және осы шешімді қабылдаған акционерлік қоғамның органының атауы:

 «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2010 жылғы 09 наурыздағы шешімі;

бағалы қағаздардың шығарылым аңдатпасына бағалы қағаздардың түрлері бойынша енгізілген тиісті өзгерістер мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін жарияланған бағалы қағаздардың саны: 100 000 000 (жүз миллион) жай акция;

5) бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешімнің қабылданған күні:

есеп-қисап кезеңінде бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылданбады;

6) бағалы қағаздардың орналастырыла бастаған күні, бағалы қағаздарды орналастыру шарттары, орналастыруға ұсынылған бағалы қағаздардың санын және орналастыру тәсілін көрсетумен:  қолданылмайды;

7) бағалы қағаздардың орналастырып аяқталатын күні (орналастырудың есеп-қисап кезеңін көрсетумен), бағалы қағаздардың өтелетін күні:  03.04.2015 жылдан бастап 02.10.2015 жылға дейін бағалы қағаздарды орналастырудың есеп-қисап кезеңі;

8) бағалы қағзадарды орналастыру қорытындысы туралы есеп-қисаптың, өтеу қорытындысы туралы есеп-қисаптың бекітілген күні, есеп-қисап кезеңінде орналастырылған (өтелген) бағалы қағаздардың саны мен түрін көрсетумен:есеп-қисап 2015 жылғы 11 қараша  айында бекітілді, есеп-қисап кезеңінде акциялар орналастырылмады;

9) есеп-қисап кезеңінде бағалы қағаз ұстаушыларынан акционерлік қоғам тарапынан сатып алынған бағалы қағаздардың саны мен түрі: есеп-қисап кезеңінде «Баян Сұлу» АҚ акциялар сатып алынбады;

10) есеп-қисап кезеңінде акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы мәлімет:   есеп-қисап кезеңінде акционерлерге төленген дивидендтердің сомасы –   70 157 851 теңге;

11) бағалы қағаздар шығарылымының күші жойылған күні, күшін жоюдың негіздемесі: қолданылмайды.