24.11.2014

Мүдделі болып табылатын «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының ірі мәмілені жасасу ниеті туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы мәмілені жасау туралы шешімді қабылдаған күні:
     Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 20 қарашадағы шешімі, №28 хаттама;
2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны: 12 096 611 037 (он екі миллиард тоқсан алты миллион алты жүз он бір мың отыз жеті) теңге;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні: 11.03.2014;12.03.2014; 07.04.2014; 23.04.2014:05.05.2014.;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы: 61,7%;
5) мәміленің негізгі елеулі шарттары:
Қоғам мүдделі болып табылатын ірі мәмілені жасасуды мақұлдау, дәлірек айтқанда, Қоғамның толық ортақ кепілдігін ұсыну, сондай-ақ Қарыз алушы мен Банк арасында жасалатын Жаңартылатын несие желісін ашу туралы келісім-шарт бойынша Банктің алдында міндеттемелердің «АзияАгроФуд» АҚ (бұдан әрі – Қарыз алушы) тарапынан орындалуын қамтамасыз ету ретінде бұған дейін «Сбербанк» АҚ ЕБ-не (бұдан әрі – Банк) кепілге/қайта кепілге салынған мүлікті таратуды мақұлдау; аталған келісім-шарттың талаптарына сәйкес Банк тиісті кепілдік келісім-шартын және төмендегі келісім-шарттардың қосымша келісімдерін жасасу арқылы Қарыз алушыға жылдық 9,6% сыйақы мөлшерлемесімен, 12 ай мерзіміне 1 000 000 000 (Бір миллиард) теңге сомасындағы несие желісін ұсынатын болады: 
1) Жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес орынжайды) кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-1 келісім-шарт; 
2) Жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес орынжайды) қайта кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-2 келісім-шарт; 
3) Жабдықты қайта кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-3 келісім-шарт; 
4) Жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес орынжайды) қайта кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-4 келісім-шарт; 
5) Айналыстағы және қайта өңдеудегі тауарларды қайта кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-5 келісім-шарт;
6) Айналыстағы және қайта өңдеудегі тауарларды қайта кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-6 келісім-шарт;
7) Айналыстағы және қайта өңдеудегі тауарларды қайта кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-7 келісім-шарт;
8) Айналыстағы және қайта өңдеудегі тауарларды қайта кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-8 келісім-шарт;
9) Автокөлік құралын қайта кепілге салу туралы 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-9 келісім-шарт.
Қарыз алушы Банкінің алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Банкіге мүлікті соттан тыс тәртіпте өткізу, сондай-ақ Қоғамның барлық есепшоттарынан ақшаны акцептісіз түрде есептен шығару құқығын ұсынумен.
6) мәміленің жасалатын күні – болашақта жасалатын келісімдердің, келісім-шарттардың күндері.