23.12.2020 15:00 «Баян Сұлу» АҚ несиегерлері мен акционерлерінің назарына!

Қоғамның Басқармасы орналасқан жері бойынша (Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198) 2020 жылғы 22 желтоқсанда 15 сағат 00 минутта өткен «Баян Сұлу» АҚ (бұдан әрі «Қоғам») акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы келесі шешімдерді қабылдады:

1) Қоғамның мүлігін қайта бағалауға және сәйкесінше барлық жасалған/жасалатын шарттар мен келісімдерге, соның ішінде кепіл шартына және көрсетілген шарттар мен келісімдердің қосымшаларына өзгертулер мен толықтыруларды енгізуге байланысты, бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен «Sweet City» ЖШС және «Азия АгроФуд» АҚ аффилденген тұлғаларымен «Баян Сулу» АҚ-ның жасалған, Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар, ірі мәмілесіне өзгертулерді енгізу мақұлдансын;

2) аффилденген тұлға «Sweet City» ЖШС-мен «Баян Сулу» АҚ-ның Кондитерлік өнімдерді жеткізу шартын жасауымен байланысты, Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар ірі мәмілені жасау мақұлдансын.