23.09.2022 15:30 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

1) Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 2022 жылғы 21қыркүйек , басталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ. 00 мин. жергілікті уақыт, аяқталуы – 15 сағ. 55 мин. жергілікті уақыт, мына мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, мәжіліс залы.

2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:

1.«Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

2.Мүдделілігі бар жасауында, «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен бұрыннан жасаған «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілесінің өзгертулер енгізу туралы және мүдделілігі бар жасауында мәмілелерге өзгертулер енгізу туралы.

3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:

1-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 38 477 010 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Акционерлердің кезектен тыс жиналысының күн тәртібі бекітілсін:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

2.Мүдделілігі бар жасауында, «Bereke Bank» АҚ- мен бұрыннан жасаған «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілесінің өзгертулер енгізу туралы және мүдделілігі бар жасауында мәмілелерге өзгертулер енгізу туралы.

2-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 38 477 010 дауыс. «Қарсы болғандар – жоқ.«Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Bereke Bank» АҚ-мен бұрын жасалған, жасауда мүдделілігі бар «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілесіне және жасауда мүдделілігі бар мәмілелерге өзгертулер енгізуді мақұлдау.