23.01.2014 17:00:00

Хабарлама

      «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі  17.01.2014 ж. №2А хаттамасында көрсетілген Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдады:
       2019 жылдың 10 қаңтарын қоса алған мерзімге дейін 2 585 000 000 (Екі миллиард бес жүз сексен бес миллион) теңге сомасына жасалған 24.01.2013 ж. №2000/13/2 Бас Несиелік келісім (одан әрі – БНК-2) (оның шеңберінде жасалған және ажырамас бөлігі болып табылатын әрбір/кез-келген келісім-шарт және/немесе келісім) бойынша «АзияАгроФуд» АҚ-ң міндеттемелерін қосымша қамтамасыз ету ретінде Банкке кондитерлік өнеркәсіпке арналған технологиялық жабдыққа: салындысы бар қалыпталған қатты карамельді өндіруге және карамельді орауға арналған ағыстық желіні, соның ішіне болашақта 11.11.2013 ж. № 104916 келісім-шарты бойынша келіп түсетін MILLETWIST 8012 типті 10 (он) орау автоматын кепілге беру.