21.04.2015 16:30:00

Қоғам өзі мүдделі болып табылатын мәмілелерді «Баян Сұлу» Акционерлік қоғам тарапынан жасау туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы мәмілелерді жасау туралы шешімді қабылдаған күні:
Директорлар кеңесінің 27.03.15 жылғы шешімі, №7 хаттамасы.
2) мәмілелердің мәні болып табылатын мүліктің құны:
     – бұрын жасалған кепілзат келісім-шарттары бойынша мүлікті толық бағалау сомасы: 415 500 505 теңге;
    – технологиялық жабдықтың құны: 939 180 766 теңге.
3) мәмілелердің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні: 18.12.14.; 19.12.14.; 05.01.15.; 12.01.15.
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы:7,3%.
5) мәмілелердің негізгі елеулі шарттары:
     а) Банкіге ұсынылған соңғы бағалау туралы есеп-қисаптар бойынша бағалау құнын көрсетіп, «АзияАгроФуд» АҚ және «Сбербанк» АҚ ЕБ (бұдан әрі – Банк) арасында бұрын жасалған келісім-шарттардың барлығына мүлікті бағалау құнының өзгерісі бөлігінде өзгерту және толықтыру енгізу:
1) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-1 жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес мақсаттағы) кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
2) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-2 жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес мақсаттағы) қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
3) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-3 жабдықты қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
4) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-4 жылжымайтын мүлікті (тұрғын емес мақсаттағы) қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
5) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-5 айналыстағы және қайта өңделіп жатқан тауарларды қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
6) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-6 айналыстағы және қайта өңделіп жатқан тауарларды қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
7) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-7 айналыстағы және қайта өңделіп жатқан тауарларды қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
8) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-8 айналыстағы және қайта өңделіп жатқан тауарларды қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша;
9) 09.06.2014 жылғы №14-0022ЦО-9 автокөлік құралын қайта кепілге салу туралы келісім-шарт және оның қосымша келісімдері бойынша; 
     б) «АзияАгроФуд» АҚ және Банк арасында Техникалық жабдықтарды кепілге салу туралы келісім-шартты жасасу бойынша «АзияАгроФуд» АҚ-ның міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде келесіні ұсыну:
– 26.03.2013 жылғы № 24 келісім-шарт бойынша сатып алынған және әкелінген IDA 3002CV драже өндіретін технологиялық жабдығы;
– кондитерлік өнеркәсіптіке арналған технологиялық жабдық: 2012 жылдың 20 желтоқсанындағы №212/ALM-2012 сатып алынған және әкелінген SWAKN типті салындысы бар вафляларды өндіруге арналған 1-типті өнеркәсіптік қондырғы.  
6) мәмілелердің жасалған күні: 14.04.15.; 16.04.15.