21.03.2014 16:30:00

Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілені акционерлік қоғамның жасағаны туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы мәмілені жасау туралы шешімді қабылдаған күні – Директорлар кеңесінің 19.03.2014 жылғы № 11А шешімі;
2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны – қолданылмайды;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні – қолданылмайды;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы – 1,7%;
5) мәміленің негізгі елеулі шарттары:
«Баян Сұлу» АҚ мен «KazFoodProducts» ЖШС арасында қаржылық көмек көрсету туралы келісім-шарт жасасу, соған сәйкес «KazFoodProducts» ЖШС қаржыландыру және айналым қаражатын толықтыру мақсатымен «Баян Сұлу» АҚ-на 285 000 000 (Екі жүз сексен бес миллион) теңге көлемінде пайызсыз қайтарымды қаржылық көмек көрсетеді, ал «Баян Сұлу» АҚ қаржылық көмекті келісім-шарттың талаптарына сәйкес «KazFoodProducts» ЖШС-не қайтаруға міндетті болады; келісім-шарт, қаржылық көмек сомасы ұсынылған сәттен бастап келісім-шарттың тараптары өз міндеттемелерін орындаған мерзімге дейін әрекет етеді.
6) мәміленің жасалған күні – 20.03.2014