21.01.2016 16:50:00

Мемлекеттік тіркеу 08.01.2016 жүргізілген, «Баян Сұлу» АҚ эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектіне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат

    1) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектіне өзгерістер енгізу үшін негіз болып табылатын эмитент органымен шешім қабылдау күні, шешім қабылдаған органның атауы: «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің №23 хаттама, 10.12.2015 жылғы және №25 хаттама, 15.12.2015 жылғы шешімдері;
    2) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектіне енгізілген өзгерістердің мазмұны (мәні): 
    Директорлар кеңесінің мүшесі Трайбер В.А. оның бастамасы бойынша өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатумен, «Баян Сұлу» АҚ Басқармасы барлық құрамының өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтатумен, сандық құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеумен, «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының жаңа құрамын және Басқарма Төрағасын – Президентті сайлаумен байланысты, сондай-ақ бөлімшелердің, филиалдардың басшылары туралы және Қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтерді сәйкестікке келтірумен байланысты, «Баян Сұлу» АҚ акцияларын шығару проспектіне, ал атап айтқанда: «Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі» 11 тармағына.; «Акционерлік қоғамның алқалы атқарушы органы – Басқарма» 12 тармағына; «Акционерлік қоғам бөлімшелерінің басшылары туралы мәліметтер» 14 тармағының 4) тармақшасына; «Филиалдар мен өкілеттіктердің басшылары туралы мәліметтер» 14 тармағының 5) тармақшасына; «Акционерлік қоғамның басқа аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтер» 15 тармағына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.