20.10.2015 16:30:00
Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының жасау ниеті туралы ақпараты
1) акционерлік қоғамның органы мәмілелерді жасау туралы шешімді қабылдаған күні: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесінің 20.08.2015 жылғы шешімі, №17 хаттамасы;
2) мәмілелердің мәні болып табылатын мүліктің құны: 771 009 164 (жеті жүз жетпіс бір миллион тоғыз мын бір жүз алпыс төрт) теңге ;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні: 20.04.2015;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы: 3,9 %;
5) мәміленің негізгі елеулі шарттары:
«Ресей Жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк), «АзияАгроФуд» АҚ және «Баян Сулу» АҚ арасында мүліктік құқық (тауар белгісіне айрықша құқық) кепілі келісім-шартын жасау, соған сәйкес «Баян Сұлу» АҚ өзіне меншік құқығында тиесілі мүліктік құқықты (мүлікті): саны 4 бірлік тауар белгілеріне айрықша құқықты, «Баян Сұлу» АҚ тіркелген: 12.11.2003 ж. № 15878,15.09.2009 ж. № 29996, 15.09.2010 ж. № 33802, 19.03.2014 ж. № 44153 куәлік «АзияАгроФуд» АҚ Банк алдында 09.06.2014 ж. кредит желісін ашу туралы № 14-0022ЦО Келісім, 25.11.2014 ж. жаңартылмайтын кредит желісін ашу туралы № 14-53431-00-КЛ Келісім-шарт, 25.06.2015 ж. жаңартылмайтын кредит желісін ашу туралы № 15-08650-00-КЛ келісім-шарт және/немесе Келісім-шарттар/Қосымша келісімдер (оның аясында жасалған және оның ажырамас бөлігі болып табылатын әрқайсы/кез келген келісім-шарт және/немесе келісім) бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде Банкке кепілдік береді;
6) мәміленің жасалған күн – 19.10.2015.