19.02.2019 14:30:00 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат
1) Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 2019 жылғы 18 ақпан, басталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ. 00 мин. жергілікті уақыт, аяқталуы – 15 сағ. 45 мин. жергілікті уақыт, мына мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:
1. «Баян Сұлу» АҚ-ның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен бұрыннан жасаған «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілесінің өзгертулер енгізу туралы.
3. Қоғамның Басқарма Төрағасы – Президенті Садықов Тимур Мейрханұлы мырзаға және/немесе Қоғамның қаржылық директоры Губарева Ольга Викторовна ханымға Келісімге, Шарттарға, оның ауқымында жасалатын барлық/кез-келген шарттарға және/немесе келісімдерге, сондай-ақ Келісімнің, Шарттардың, Кепілзат шарттарының, Кепілдік шарттарының ажырамас бөлігі болып табылатын барлық қосымша келісімдерге, оларға қатысты қосымша келісімдерге және осы шешімді орындау үшін қажет өзге құжаттарға қол қою құзыретін беру.
3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:
1-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 715 745 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім: Жалпы кезектен тыс акционерлердің жиналысын күн тәртібі бекітілсін:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен бұрыннан жасаған «Баян Сұлу» АҚ ірі мәмілесінің өзгертулер енгізу туралы.
3. Басқарма Төрағасы – Қоғамның Президенті Садыков Тимур Мейрханович мырзаға және/немесе Қоғамның қаржылық директоры Губарева Ольга Викторовна ханымға Келісімдерге, Шарттарға, оның ауқымында жасалатын барлық/кез-келген шарттарға және/немесе келісімдерге, сондай-ақ Келісімдердің, Шарттардың, Кепілзат шарттарының, Кепілдік шартының ажырамас бөлігі болып табылатын барлық қосымша келісімдерге және осы шешімді орындау үшін қажетті өзге құжаттарға қол қою құзыретін беру.
2-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 715 745 дауыс. «Қарсы болғандар – жоқ.«Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім: Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар, бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ жасалған «Баян Сулу» АҚ-ның ірі мәмілесіне өзгертулердің енгізілуі мақұлдансын.
3-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 715 745 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім:
Қоғамның Басқарма Төрағасы – Президенті Садықов Тимур Мейрханұлы мырзаға және/немесе Қоғамның қаржылық директоры Губарева Ольга Викторовна ханымға Келісімге, Шарттарға, оның ауқымында жасалатын барлық/кез-келген шарттарға және/немесе келісімдерге, сондай-ақ Келісімнің, Шарттардың, Кепілзат шарттарының, Кепілдік шарттарының ажырамас бөлігі болып табылатын барлық қосымша келісімдерге, оларға қатысты қосымша келісімдерге және осы шешімді орындау үшін қажет өзге құжаттарға қол қою құзыреті берілсін.