16.06.2020 15:00 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

1) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 15 маусым 2020 жыл, басталуы – жергілікті уақыт бойынша сағ. 15. 00 мин., аяқталуы – жергілікті уақыт бойынша 16 сағ.15 мин. келесі мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ.Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының Күн тәртібін бекіту.
2. Есептеу комиссиясы мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, есептеу комиссиясының жаңа мүшесін сайлау туралы.
3. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2019 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.
4. «Баян Сұлу» АҚ 2019 жылғы қаржылық есептілігін бекіту.
5. 2019 жыл ішіндегі «Баян Сұлу» АҚ таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы және Қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивидендтер мөлшерін бекіту.
6. «Баян Сұлу» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
7. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2019 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.
8. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар, бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ жасалған «Баян Сұлу» АҚ-ның ірі мәмілесіне өзгертулерді енгізу туралы.
3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:
1-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 706 220 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім: Акционерлердің жылдық жиналысының Күн тәртібін бекітілсін:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының Күн тәртібін бекіту.
2. Есептеу комиссиясы мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, есептеу комиссиясының жаңа мүшесін сайлау туралы.
3. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2019 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.
4. «Баян Сұлу» АҚ 2019 жылғы қаржылық есептілігін бекіту.
5. 2019 жыл ішіндегі «Баян Сұлу» АҚ таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы және Қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивидендтер мөлшерін бекіту.
6. «Баян Сұлу» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
7. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2019 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.
8. Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар, бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ жасалған «Баян Сұлу» АҚ-ның ірі мәмілесіне өзгертулерді енгізу туралы.
2-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 706 220 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім: 1. Есептеу комиссиясының мүшесі Оксана Николаевна Груневаның өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
2. Қоғамның заң қызметінің заңи кеңесшісі Артем Викторович Литвиненко 2021 жылды қоса алғанда акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейінгі өкілеттік мерзімімен сайлансын.
3-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 706 220 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім: «Баян Сұлу» АҚ 2019 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап бекітілсін, Басқарманың жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
4-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 706 220 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім: «Баян Сұлу» АҚ 2019 жыл үшін аудит жүргізілген қаржылық есептілігі мына құрамда бекітілсін: – қаржылық күйі туралы есеп; – жиынтық табыс туралы есеп;
– ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп;
– капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
– түсіндірме жазба (қаржылық есептіліктің ескертпелері).
5-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 706 220 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім: 1. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2019 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша алынған 1 345 548 615,44 теңге сомасындағы таза табысты бөлу тәртібі бекітілсін: – 357 280 000,00 теңге сомасындағы таза табыстың бөлігі Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу үшін бағытталсын;
– 988 268 615,44 теңге сомасындағы таза табыстың қалған бөлігі бөлінбесін және Қоғамның бөлінбеген пайда шотында қалсын.
2. Дивидендтерді төлеу үшін бағытталатын Қоғамның таза пайдасының сомасына, теңге мөлшеріндегі сомасына, 44 660 000 – орналастырылған жай акциялардың мөлшеріне сүйене отырып, 1 (бір) жай акция есебімен 8(сеғіз) теңге 00 тиын сомасында 2019 жылғы дивиденд мөлшері бекітілсін.
3. Дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны белгіленсін:
1) дивидендтердің төлене басталатын күні 2020 жыл 12 тамыз болып белгіленсін;
2) дивидендтерді алу құқығы бар акционерлер тізімінің күні- 2020 жыл 03 тамыз болып белгіленсін;
3) «Баян Сұлу» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер «Баян Сұлу» АҚ орналасқан жерде қолма-қол ақшамен және ақшасыз нысанда төленеді;
Дивидендтерді төлеу акционерлердің жалпы жиналысымен Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданған күннен кейін келетін күннен бастап тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс.
Акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер қоғамда немесе құнды қағаздарды ұстаушылары тізілімдерінің жүйесінде болмаған жағдайда қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіп пен мерзімге сәйкес, талап етілмеген ақшаны есептеу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуы тиіс.
4) дивидендтер төлем агентін тартпай-ақ төленеді;
5) Қоғамның атауы, орналасқан жері, банктік және басқа деректемелері:
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы,
110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198
ЖСК – KZ11914398412ВС02320, «Сбербанк России» АҚ Еншілес Банкінің филиалында;
БСК – SABRKZKA
БСН – 930940000055.
6-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 706 220 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім: Акционерлердің «Баян Сұлу» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты 2019 жылғы өтініштері болмағаны туралы ақпарат назарға алынсын.
7-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 706 220 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім: «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасының мүшелеріне 2019 жылы төленетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.
8-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 706 220 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім: Жаңғыртылатын кредит желісін ашу туралы 09.06.2014ж. №14-22214-09-КЛ шарты, Жаңғыртылмайтын кредит желісін ашу туралы 06.03.2017ж. №17-10741-09-КЛ шарты, Жаңғыртылмайтын кредит желісін ашу туралы 25.06.2015ж. №15-08654-09-КЛ шарты бойынша «Баян Сұлу» АҚ-ның міндеттемелері бойынша және Кредит желісін ашу туралы 09.06.2014ж. №14-0022ЦО келісімге, Жаңғыртылмайтын кредит желісін ашу туралы 25.06.2015ж. №15-08650-00-КЛ шартына, Жаңғыртылмайтын кредит желісін ашу туралы (Аккредитивтер) 09.06.2017ж. №17-34668-00-КЛ шартына, Кредит желісін ашу туралы (Транштар) 14.08.2017ж. №17-34684-00-КЛ шартына сәйкес «АзияАгроФуд» АҚ міндеттемелері бойынша Қоғаммен жасауда мүдделілігі бар, бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ жасалған ірі мәмілеге өзгертулерді енгізу мақұлдансын, ол келесіге орай Кепілге қою/Кепілге қайта қою шарттарының қосымша келісімдерін жасау жолымен жүзеге асырылады:
1) кепілге қойылған Қоғамның жылжымалы және жылжымайтын мүлкін қайта бағалауға байланысты;
2) Қостанай қ., Бородин көш., 198 үй мекенжайы бойынша орналасқан мүлік кешенінің жылжымалы мүлік нысандарын пайдалануға қосуға байланысты, жиынтықта мына кепілзаттық қамтамасыз етуді құрайды: Жапсаржай (А2 литері) – 50 ш.м, Қойма (М литері) – 469 ш.м., Баспана (Ц литері) – 473,2 ш.м., Автожуғыш, кір жуу бөлмесі, 8 жеңіл автокөлікке арналған жылы тұрақ (А-I, А-I1) – 1 020 ш.м., Таразы бөлмесі (А3 литері) – 73,4 ш.м., Суық жапсаржай (а3 литері) – 9,2 ш.м., Күзету пункті (Д литері) – 4,3 ш.м, Аккумулятор бөлмесі (Т-Т1-Т2 литері) – 451,6 ш.м., Күзету пункті (Х литері) – 29,8 ш.м, Суық жапсаржай (а литері) – 60 ш.м., Қосалқы станция (Е-Е1 литері) – 882,6 ш.м., Қойма (Ж литері) – 860,7 ш.м., Өндіріс цехы (Б-Б9) – 24692,1 ш.м, Бөлек тұратын, материалдарды ерекше сақтау жағдайлары болмаған қойма (Я I литері), ӘТК (А литері) – 4 121,4 ш.м, Суық жапсаржай (а2 литері) – 7,5 ш.м., Дайын өнім қоймасы (РI-PI 1-P2 литері) – 3527,4 ш.м., Өтетін бөлме (Г литері) – 6,1 ш.м., Сірне бактары (Ч,Ш литері) – 13,0 ш.м., Шоколад өнімдерін өндіру цехы (В литері) – 6 656,8 ш.м., Жапсаржай (А1 литері) – 267,8 ш.м, Қазандық (А, А1 литері) – 682,2 ш.м., Қосалқы орынжайлар блогымен №2 бисквит цехы (Ф литері) – 5 337 ш.м., Шикізат қоймасының жапсаржайы (1-литері) – 1 254,4 ш.м, Көлік цехының қосалқы орынжайлар блогы (Б-I литері) – 736 ш.м., Дайын өнім қоймасы (А литері) – 531,6 ш.м., Ыдыссыз сақтау қоймасы (Ц литері) – 338,7 ш.м., Жылыту пункті және электртехникалық шеберхана (И литері) – 430,6 ш.м, Теміржол тұйығы – 1227,30 м, Қойма (В-1 литері) – 806,9 ш.м., №3 қосалқы станция (Б 10 литері) – 43,6 ш.м., Ерекше сақтау жағдайлары болмаған №2 қойма (К литері) – 1279,4 ш.м. жалпы ауданы 7,08га жер телімімен бірге (кадастрлық нөмірі 12-193-005-033; мақсатты тағайындалуы: кондитерлік фабрикаға қызмет көрсету үшін).