16.05.2025 15:00 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат
1) Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 2025 жылғы 15 мамыр, басталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ. 00 мин. жергілікті уақыт, аяқталуы – 16 сағ. 05 мин. жергілікті уақыт, мына мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту. 2. Бұрын «Bereke Bank» АҚ-мен (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) жасалған, жасалуына мүдделілік бар «Баян Сұлу» АҚ-ның ірі мәмілесіне (өзара байланысты мәмілелер жиынтығына) өзгерістер енгізу туралы
3. «Баян Сұлу» АҚ жасауға мүдделілігі бар ірі мәміле жасасу турал.
3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:
1- сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» –75 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.
Қабылданған шешім: Акционерлердің кезектен тыс жиналысының күн тәртібін бекіту:
1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту
2. Бұрын «Bereke Bank» АҚ-мен (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) жасалған, жасалуына мүдделілік бар «Баян Сұлу» АҚ-ның ірі мәмілесіне (өзара байланысты мәмілелер жиынтығына) өзгерістер енгізу туралы.
3. «Баян Сұлу» АҚ жасауға мүдделілігі бар ірі мәміле жасасу турал.
2-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» –72 044 325 дауыс. «Қарсы болғандар» -жоқ . «Қалыс қалғандар» – 3 800 000 дауыс .
Қабылданған шешім:
«Баян Сұлу» АҚ (бұдан әрі – «Қоғам») бұрын «Bereke Bank» АҚ-мен (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) жасалған, жасалуына мүдделілік бар, Қоғам мүлкін жүргізілген қайта бағалауға байланысты ірі мәмілеге өзгерістер енгізу тиісінше Қоғам, «Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) және аффилиирленген тұлғалар арасында Банкке ұсынылған бағалау туралы соңғы есептер бойынша мүліктің бағалау құнының өзгеруі бөлігінде жасалған/жасалатын барлық кепіл шарттарына, оларға қосымша келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып мақұлдансын.
3-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 72 044 325 дауыс. «Қарсы болғандар» -жоқ . «Қалыс қалғандар» – 3 800 000 дауыс.
Қабылданған шешім:
«Баян Сұлу» АҚ жасалуына мүдделілік бар ірі мәміле жасасуы мақұлдансын.