16.05.2013 01:00:00
«Баян Сұлу» АҚ-ының акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына шақыру туралы хабарлама.
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы мына мекен-жай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш. 198, акционерлердің жылдық жалпы жиналысына шақыру туралы хабарлайды. Қоғамдық атқарушы органның толық атауы және орналасқан жері: «Баян Сұлу» АҚ-ы Басқармасы Қазақстан Республикасы 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198 Жиналысқа шақырушы ынтагер туралы мәлімет: «Баян Сұлу» АҚ-ының Директорлар кеңесі Акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күн, уақыт және орын: 2013 жылдың 24 маусымында, жергілікті уақыт бойынша 17 сағат 30 минутта. Қазақстан Ренспубликасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198 әкімшілік – тұмыстық корпус, мәжіліс залы. Жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты: жергілікті уақыт бойынша 16 сағат. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын қайта өткізу күні және уақыты, ол егер алғашқы жиналыс болмаған жағдайда өткізілуі керек: 2013 жылғы 25-маусымда жергілікті уақыт бойынша 17 сағат 30 мин.-та. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау мерзімі:2013 жылдың 17-мамыры. Акционерлердің жалпы жиналысының Күн тәртібі: 1.Есеп комиссиясының сандық құрамын және өкілдік мерзімін анықтау, комиссия мүшелерін сайлау. 2. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту. 3. 2012-жылғы өз қызметінің нәтижелері туралы Қоғам Басқармасының есеп беруі. 4. Қоғамның 2012-ші жылғы қаржы есептемесін бекіту. 5.Есептік қаржылық жылдағы Қоғамның таза кірісін бөлу тәртібін бекіту. 6.Үлесақы туралы. 7.Қоғам жарғысына өзгертулер енгізу туралы. 8. Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілдік мерзімін анықтау,оның мүшелерін сайлау және де директорлар кеңесінің мүшелеріне өздерінің міндеттерін атқарғаны үшін берілетін сыйақы мен өтемақының көлемін және төлеу шарттарын белгілеу. 9.Акционерлердің Қоғам және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне жүгінуі туралы және олардың қаралу қорытындысы туралы. 10. 2012 жылғы Директорлар Кеңесі мен Қоғам Басқармасы мүшелерінің сыйақысының көлемі мен құрамы туралы Қоғам акционерлеріне ақпарат беру. Қоғам акционерлерінің акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі сұрақтарының мәліметтерімен танысу тәртібі: Жалпы жиналыстың күн тәртібі сұрақтарының мәліметтерімен акционерлер 2013 жылдың 14 маусымынан бастап таныса алады, мына мекен-жай бойынша: Қазақстан Ренспубликасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көш., 198, әкімшілік – тұрмыстық корпус. «Баян Сұлу» АҚ-ының Директорлар кеңесі