24.02.2026 15:00 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

1) Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 2026 жылғы 23 ақпан, басталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ. 00 мин. жергілікті уақыт, аяқталуы – 16 сағ. 05 мин. жергілікті уақыт, мына мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту..

2. “Баян Сұлу” АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау, оның өкілеттік мерзімін, өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау туралы.

3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:

1- сұрақ бойынша.

Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны – 79 844 325

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» –79 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім: Акционерлердің кезектен тыс жиналысының күн тәртібін бекіту:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту..

2. “Баян Сұлу” АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау, оның өкілеттік мерзімін, өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау туралы.

2-сұрақ бойынша.

Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны- 79 844 325

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 79 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

1. 2026 жылғы 01 ақпаннан бастап Директорлар кеңесінің мүшесі, «Баян Сұлу» АҚ тәуелсіз директоры Белименко Надежда Алексеевнаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ақпарат оның бастамасы бойынша мәліметке алынсын.

2.Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде Шевчик Петр Петрович мырза 28.06.2024 жылғы акционерлердің жалпы жиналысында сайланған Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 2027 жылы жаңа Директорлар кеңесі сайланатын акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейінгі мерзімге сайлансын.

3.Жаңадан сайланған Директорлар кеңесінің мүшесі, «Баян Сұлу» АҚ-ның тәуелсіз директоры П.П. Шевчикке өз өкілеттік мерзімі ішінде міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы штаттық кестеде белгіленген мөлшерде және шарттарда ай сайын төленсін.