16.01.2014 09:37:00
акционердің кезектен тыс жиналысы 14.01.14
кезектен тыс жалпы жиналысы
2014 жылдың 14 қаңтарында қабылдаған
шешімі туралы хабарлама.
«Баян Сұлу» АҚ 2014 жылдың 14 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша 17 сағ. 30 минутте Қостанай қ., Бородин көш., 198 үй мекен-жайы бойынша әкімшілік-тұрмыстық корпустың акт залында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткендігін хабарлайды, акционерлердің тізіміне 2013 жылдың 09 желтоқсанында енгізілген, жиналысқа қатысуға және дауыс беруге құқылы, оған өз өкілі арқылы әрекет ететін 1 (бір) акционер қатысты, оның 37 499 769 (отыз жеті миллион төрт жүз тоқсан тоғыз мың жеті жүз алпыс тоғыз) қарапайым акциялары бар, бұл Қоғамның дауыс беретін акцияларының 83,9672 пайызын құрайды.
Жиналыстың күн тәртібіне енгізілген ««Баян Сұлу» АҚ-на аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау» деген сұрақ бойынша келесі шешім қабылданды:
«Баян Сұлу» АҚ-на аудит жүргізетін аудиторлық ұйым ретінде «ALMIR CONSULTING» ЖШС аудиторлық ұйымы белгіленсін.