15.01.2016 17:00:00

«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің қабылданған шешімдері туралы ақпарат

   110006, Қостанай қ., Бородин көшесі,198 мекенжайында орналасқан «Баян Сұлу» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 15.01.2016 жылы, жергілікті уақыт бойынша сағат 15.00-де болған жиналыста, №2 хаттама, келесі шешім қабылдады:

   Қоғамның қызығушылығы бар мәміленің жасалуы мақұлдансын: «Баян Сұлу» АҚ мен «KazFoodProducts» ЖШС арасындағы қаржылық көмек көрсету туралы шарты, ол бойынша «KazFoodProducts» ЖШС «Баян Сұлу» АҚ-на, тиісті шартқа қол қойылғаннан кейін 15 (он бес) банктік күннің ішінде – «Баян Сұлу» АҚ-ның «Сбербанк» АҚ ЕҰ алдындағы міндеттемесін толығымен орындағанға дейін, «Баян Сұлу» АҚ-ның банктік шотына аудару арқылы, айналым қаражатын қаржыландыру және толықтыру мақсатында 375 018 350 (үш жүз жетпіс бес миллион он сегіз мың үш жүз елу) теңге көлемінде тәртіптелген пайызсыз қайтарымды қаржылық көмек көрсетеді.