13.12.2013 01:00:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамының өзі мүдделі болып табылатын мәмілелерді жасасу туралы ақпарат

1) Акционерлік Қоғамның ірі мәмілені жасасу туралы шешім қабылдаған күні: 2013 жылдың 27 қарашасы; 2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны – 7 015 598 500 (жеті миллиард он бес миллион бес жүз тоқсан сегіз мың бес жүз) теңге; 3) мәміленің мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні – 2013 жылдың 18 қарашасы; 4) мәміленің мәні болып табылатын мүлік құнының осы акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы – 39.4%; 5) мәміленің негізгі маңызды шарттары: – «Баян Сұлу» АҚ 24.01.2013 ж. № 2000/13/1 Бас Несиелік Келісім (несиелік лимитті белгілеу туралы) (одан әрі – БНК-1) бойынша Қоғамның несиелік міндеттемелерін орындауы қамтамасыз ету түрінде құны 7 015 598 500 (жеті миллиард он бес миллион бес жүз тоқсан сегіз мың бес жүз) теңгені құрайтын (2013 жылдың 18 қарашасындағы №13/380-11 бағалау туралы есеп-қисабына сәйкес) Қоғам мүлігін «БТА Банк» ационерлік қоғамына (одан әрі – Банк) береді, БНК шарттары бойынша Банк 3 032 975 378,00 (үш миллиард отыз екі миллион тоғыз жүз жетпіс бес мың үш жүз жетпіс сегіз) теңге 00 тиын көлеміндегі несиелік желіні 2019 жылдың «10» қаңтарына дейін тағайындады; – «БТА Банк» АҚ-на (одан әрі – Банк) кепілге берілген «Баян Сулу» АҚ-ң мүлкін «АзияАгроФуд» АҚ-ң 2019 жылдың 10 қаңтарын қоса алған мерзімге дейін 2 585 000 000 (Екі миллиард бес жүз сексен бес миллион) теңгені құрайтын жалпы ұлғайтылған сомаға және соның ішінде 2016 жылдың «25» желтоқсанын қоса алған мерзімге дейін 1 000 000 000,00 (Бір миллиард) теңгеге айналым қаражатын толтыру мақсатында жасалған 24.01.2013 жылғы №2000/13/2 Бас Несиелік Келісім-шарт (одан әрі – БНК) бойынша тарату. 6) мәмілені жасасу күні – 2013 жылдың 29 қарашасы және 5 желтоқсаны.