11.09.2015 17:00:00

Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының жасау ниеті туралы ақпараты

1) акционерлік қоғамның органы мәмілелерді жасау туралы шешімді қабылдаған күні: «Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесінің 20.08.2015 жылғы шешімі, №17 хаттамасы;
2) мәмілелердің мәні болып табылатын мүліктің құны:
нарықтық құны 13 852 879 (он үш миллион сегіз жүз елу екі мың сегіз жүз жетпіс тоғыз) теңге;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні: 29.05.2015.,03.06.2015.;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның    активтерінің жалпы құнының қатынасы: 0,07 %; 
5)  мәміленің негізгі елеулі шарттары: 
09.06.2014 жылғы № 14-0022ЦО Несие желісін ашу туралы келісім, 25.11.2014 жылғы № 14-53431-00-КЛ Жаңғыртылмайтын несие желісін ашу туралы келісім-шарт, 25.06.2015 жылғы № 15-08650-00-КЛ Жаңғыртылмайтын несие желісін ашу туралы келісім-шарт бойынша «АзияАгроФуд» АҚ-ның Банк алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде автокөлік құралын қайта кепілге салу туралы «Сбербанк» АҚ ЕБ (бұдан әрі – Банк), «АзияАгроФуд» АҚ және «Баян Сұлу» АҚ арасындағы 09.06.2014 жылғы №14-0022УЦО-9 келісім-шартқа №7 қосымша келісімді жасасу.
6) мәміленің жасалған күн – 01.09.2015.