11.01.2016 16:00:00
«Баян Сұлу» АҚ Директорлар Кеңесімен қабылданған шешімдер туралы ақпарат
110006, Қостанай қ., Бородин к., 198 мекенжайы бойынша орналасқан, «Баян Сұлу» Акционерлік қоғамы директорларының кеңесі 06.01.2016 жылы, жергілікті уақыт бойынша сағат 10-да өткен отырыста, №1 хаттама, мынадай шешімдер қабылдады:
- Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:
«Баян сұлу» АҚ «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-ке (бұдан әрі- «Банк») мынадай талаптармен 2014 жылғы «09» маусымдағы № 14-22214-09-НЖ жаңғыртылатын несие желісін ашу туралы Шарт бойынша қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына, ірі мәміленің өзгеруіне себеп болатын өзгерістер енгізу мақсатында жүгінуі мақұлдансын:
-қаржыландыру сомасы қаржыландырудың 31.12.2018 ж. дейінгі мерзімімен 2 000 000 000 (екі миллиард) теңгеге дейін өсірілсін,
- Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:
Мынадай мүлік бойынша кепілдікке салу/ қайта кепілдікке салу шарттарына қосымша келісімдер жасау жолымен ірі мәмілеге өзгертулер енгізілсін:
- Алматы қ., Медеу ауданы, Достық даңғылы, 132-үй, 75 с.о. мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 20:315:020:271, жалпы алаңы – 0,9657 га (үлесі – 0,0067 га) жер учаскесінде орналасқан, жалпы алаңы 624,4 ш.м. тұрғын емес үй жай;
- Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., Бородин к., 198-үй мекенжайы бойынша орналасқан: Тірек алаңы 3,27 ш.м., ұзақтығы 2,8844 км, «Орталық» ө/с бастап РП-10к дейінгі ауа-кәбілді АЖ-10 кВ, негізгі алаңы 713,7 ш.м., жалпы алаңы 791,7 ш.м. автожуу (2-лит.); Негізгі алаңы 1223,4 ш.м., жалпы алаңы 1 254 ш.м жалғастыра салынған жай (1-лит.); Жалпы алаңы 531,6 ш.м. дайын өнім қоймасы (А-лит.); Негізгі алаңы 5429,8 ш.м., жалпы алаңы 6 656,8 ш.м. цех (В-лит.); Жалпы алаңы 975,2 ш.м. темір жол тұйығы (I,II-лит.); Жалпы алаңы 50,1 ш.м. таразы бөлмесі (Ч,Ш.-лит.); Жалпы алаңы 13,4 ш.м. сыйымдылықтар (Ч,Ш.-лит.); Негізгі алаңы 389,8 ш.м. жалпы алаңы 473,2 ш.м. үй-жай (Ц-лит.); Негізгі алаңы 14,9 ш.м. жалпы алаңы 29,8 ш.м. бекет (Х-лит.); Негізгі алаңы 219,8 ш.м. жалпы алаңы 451,6 ш.м. аккумуляторлық бөлме (Т-Т1-Т2.-лит.); Негізгі алаңы 416,1 ш.м. жалпы алаңы 450,5 ш.м. гараж (С-С1-лит.); Негізгі алаңы 469 ш.м. жалпы алаңы 469 ш.м. қойма (М-лит.); Негізгі алаңы 129,7 ш.м., жалпы алаңы 281,2 ш.м. бекет (И-лит.); Жалпы алаңы 15 ш.м. ЖЖМ (З-лит.); Жалпы алаңы 860,7 ш.м. қойма (Ж-лит.); Негізгі алаңы 874 ш.м. жалпы алаңы 882,6 ш.м. қосалқы станция (Е-лит.); Жалпы алаңы 4,3 ш.м. бекет (Д-лит.); Жалпы алаңы 6,1 ш.м. өтетін бөлме (Г-лит.); Негізгі алаңы 22230,5 ш.м., жалпы алаңы 24 692,1 ш.м. өндірістік цех (Б,Б1,Б2,Б3,Б4,Б5,Б6,Б7,Б8,Б9-лит.); Негізгі алаңы 3303,6 ш.м., жалпы алаңы 4 439,2 ш.м. ӘТК ((А), (А1), (А2)-лит.); Негізгі алаңы 636,8 ш.м., жалпы алаңы 682,2 ш.м. (А, А1-лит.) қазандық; Жалпы алаңы 7,08га жер учаскісімен жалпы алаңы 3 527,4 ш.м. дайын өнім қоймасы (PI,PI 1,PI 2-лит.) (кадастрлік нөмірі 12:193:005:033; мақсатты тағайындалуы: кондитерлік фабрикаға қызмет көрсету үшін).
- Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., Бородин к., 198-үй. мекенжайы бойынша орналасқанжылжымалы мүлік (жабдық);
- Қостанай қ., Бородин к., 198А-үйі мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі, 12:193:005:2665: 198А/А,а, жалпы алаңы 0,6591 га, жер учаскесінде орналасқан жалпы алаңы 568,1 ш.м. фирмалық сауда орталығы (А,а-лит.);
- IDA 3002CV дражесінің өндірісі бойынша жабдық;
- Карамель өндірісі бойынша (MILLETWIST 8012 10 орау автоматтарын қосқанда) жабдық;
- Жабдық: SWAKN типті салындысы бар вафли өндірісіне арналған қондырғы;
- Қостанай қ., Бородин к., 198 мекенжайы бойынша орналасқан айналымдағы тауарлар (дайын өнім);
- Қостанай қ., Бородин к., 198 мекенжайы бойынша орналасқан айналымдағы тауарлар (орап-байлау материалдары);
- Қостанай қ., Бородин к., 198 мекенжайы бойынша орналасқан айналымдағы тауарлар (шикізат қоймасы);
- Қостанай қ., Бородин к., 198 мекенжайы бойынша орналасқан айналымдағы тауарлар (материалдық қойма);
- Қостанай обл., Қостанай қ. мекенжайы бойынша орналасқан көліктік құралдар 41 бірлік санында;
- Тауар белгісіне ерекше құқық.
Банк алдында өз міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау жағдайында, Банкке мүлікті соттан тыс өткізуге, сондай-ақ Қоғамның барлық ағымдағы шотынан ақшаны акцептісіз шығынға жазу құқығы берілген.
- Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша:
Жасалуында Қоғамның мүддесі бар мәмілені кепілдік туралы шартқа, бұдан бұрын жасалған кепілге салу/ қайта кепілге салу шарттарына қосымша келісімдер жасау, сондай-ақ қаржыландыру шарттарының өзгеруі: осы ақпараттың 2-тармағының 1-13 қосалқы тармақтарында көрсетілген, «АзияАгроФуд» АҚ және Банк арасында жасалған 09.06.2014ж. №14-0022ЦО_02 жаңғыртылатын несие желісін ашу туралы Шарт бойынша қаржылу мерзімін 31.12.2018ж. дейін ұзарту және сыйақы мерзімін 16%-ға дейін өсіруге байланысты «АзияАгроФуд» АҚ Банк алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде кепілге мүлік беру жолымен мәмілені жасау мақұлдансын.
«АзияАгроФуд» АҚ (Қарыз алушы) Банк алдында өз міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау жағдайында, Банкке мүлікті соттан тыс өткізуге, сондай-ақ Қоғамның барлық ағымдағы шотынан ақшаны акцептісіз шығынға жазу құқығы берілген.