09.02.2018 16:30:00

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

1)Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 08 ақпан 2018 жыл, басталуы – жергілікті уақыт бойынша сағ. 15. 00 мин., аяқталуы – жергілікті уақыт бойынша сағ. 15. 55 мин. келесі мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.

2) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:

1. «Баян Сұлу» АҚ-ның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

2. Есеп комиссиясының жаңа мүшесін сайлау.

3. «Баян Сұлу» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау.

3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:

1-ші сұрақ бойынша.

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 716 791 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Акционерлердің кезектен тыс жиналысының күн тәртібін бекіту:

1. «Баян Сұлу» АҚ-ның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

2. Есеп комиссиясының жаңа мүшесін сайлау.

3. «Баян Сұлу» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау.

2-шы сұрақ бойынша.

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 716 791 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Қоғамның заң қызметінің бастығы Жанар Турсынбаевна Галиева акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу күнін қоса алғанда өкілдік мерзімімен есеп комиссиясының төрағасы болып сайлансын.

3-ші сұрақ бойынша.

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 40 716 791 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Crowe Horwath Nomad» ЖШС «Баян Сұлу» АҚ-ның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым болып белгіленсін.

4) акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге мәліметтер – жоқ