06.05.2022 14:00 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

1) Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 2022 жылғы 28 сәуір , басталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ. 00 мин. жергілікті уақыт, аяқталуы – 15 сағ. 50 мин. жергілікті уақыт, мына мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, мәжіліс залы

2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

2. Жасауда қоғам мүдделілігі бар, бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ жасалған «Баян Сұлу» АҚ-ның ірі мәмілесіне өзгертулерді енгізу туралы.

3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:

1-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 38 480 993 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Акционерлердің кезектен тыс жиналысының күн тәртібі бекітілсін:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

2. Жасауда қоғам мүдделілігі бар, бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ жасалған «Баян Сұлу» АҚ-ның ірі мәмілесіне өзгертулерді енгізу туралы.

2-ші сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 38 480 993 дауыс. «Қарсы болғандар – жоқ.«Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Жасауда қоғам мүдделілігі бар, бұдан бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ жасалған «Баян Сұлу» АҚ-ның ірі мәмілесіне өзгертулерді енгізу мақұлдансын.