06.01.2016 16:30:00
Акционерлік қоғамның Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді жасасу туралы ақпарат
1) Акционерлік қоғамның органы мәмілені жасасу туралы шешім қабылдаған күні:
Директорлар кеңесінің 29.12.2015 жылғы шешімі, №29 хаттама;
2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүлікті бағалау күні: қолданылмайды;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің осы акционерлік қоғамның жалпы құнына пайыздық қатынасы: қолданылмайды;
5) мәміленің негізгі маңызды шарттары:
– «Баян Сұлу» АҚ-ның «АзияАгроФуд» АҚ-мен үй-жайды жалға беру шартын жасау, оған келісімді «АзияАгроФуд» АҚ «Баян Сұлу» АҚ-на қызметтік пайдалану үшін, жалпы ауданы 20 ш.м., Алматы обл., Қарасай ауданы, Шамалған ст., Сүйінбай к-сі, 1 мекен-жайы бойынша орналасқан үй-жайды және онда орнатылған және тұрған телефон желісін жалға ұсынады.
Коммуналдық қызмет көрсету, күзет, телефон байланысы қызметтері үшін төлемдермен үй-жайды пайдаланған үшін жалға беру ақысы айына 5000 (бес мың) теңге құрайды, шарттың қолданылу мерзімі 31.12.2016ж. дейін;
– «Баян Сұлу» АҚ-ның «АзияАгроФуд» АҚ-мен 2015ж. 01 ақпандағы № 1-БС Тауар қоймасында сақтау шартына Қосымша келісімді жасау, оған келісімді Шарттың 5 б. 5.1. т. мына редакцияда жазылсын:
«Шарт екі Тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 2016ж. 29 ақпанға дейін қолданылады»;
6) мәмілені жасасу күні – 05.01.2016 ж.