04.08.2015 18:00:00

Қоғам мүдделі болып табылатын мәмілелерді «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының жасау ниеті туралы ақпараты

1) акционерлік қоғамның органы мәмілелерді жасау туралы шешімді қабылдаған күні:
«Баян Сұлу» АҚ-ның Директорлар кеңесінің 29.07.2015 жылғы шешімі, №16 хаттамасы;
2) мәмілелердің мәні болып табылатын мүліктің құны:  нарықтық құны 3 455 256 141 (үш миллиард төрт жүз елу бес миллион екі жүз елу алты мың жүз қырық бір) теңге;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы рет бағаланған күні: 20.04.2015;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны мен аталған акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнының қатынасы: 16.6 %; 
5)  мәміленің негізгі елеулі шарттары: «Қазақстанның Даму банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк), «АзияАгроФуд» АҚ және «Баян Сұлу» АҚ арасында жылжымалы және жылжымайтын мүлікті кепілге салу туралы шарттарды жасасу, соларға сәйкес «АзияАгроФуд» АҚ қарыз алу шарты бойынша «Баян Сұлу» АҚ-ның Банк алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде келесі жылжымалы және жылжымайтын мүлікті – Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған бекеті, Сүйінбай к-сі, 1 үй мекен-жайында орналасқан, «АзияАгроФуд» АҚ-на жеке меншік құқығында тиесілі болып келетін, ауданы 15,6828 га құрайтын жер телімдеріндегі крахмал-сірне зауытының жылжымалы және жылжымайтын мүлкін кепілге ұсынады;
6) мәміленің жасалған күн –   03.08.2015.