03.12.2024 16:30 «Баян Сұлу» АҚ несиегерлері мен акционерлерінің назарына!

«Баян Сұлу» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің 2024 жылдың 29 қараша 15 сағат 00 мин. Қоғам Басқармасының орналасқан орны (Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ., Бородин көшесі, 198) өткен кезектен тыс жалпы жиналысы шешім қабылдады:

1) жасалуында мүдделілігі бар, бұдан бұрын «Bereke Bank» АҚ-менжасалған «Баян Сұлу» АҚ-ның ірі мәмілесіне (өзара байланысты мәмілелер жиынтығы) енгізілген өзгертулер мақұлдансын;

2) “Баян Сұлу” АҚ-ның “Bereke Bank” АҚ ,”Sweet City” ЖШС-мен жасасуға мүдделілігі бар ірі мәміле жасауы мақұлдансын;

3) «Баян Сұлу» АҚ-ның «Export BS» ЖШС-мен Кондитерлік бұйымдарды жеткізу туралы бұрын жасасқан ірі мәмілеге енгізілген өзгерістер мақұлдансын: 2023 жылғы 04 қаңтардағы №2 шартқа №2 қосымша келісімді жасауы, оған сәйкес шарттың жарамдылық мерзімі 01.07.2027 жылғы дейін ұзартылады.