02.06.2025 16:00 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

1)акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 30 мамыр 2025 жыл, басталуы – жергілікті уақыт бойынша сағ. 15. 00 мин., аяқталуы – жергілікті уақыт бойынша 16 сағ.00 мин. келесі мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ.Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына арналған Күн тәртібін бекіту.

2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2024 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.

3. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2024 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін және аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.

4. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2024 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, 2024 жылғы дивидендтер туралы.

5. «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.

6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2024 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.

3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:

1-сұрақ бойынша.

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 75 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Акционерлердің жылдық жиналысының Күн тәртібін бекітілсін:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына арналған Күн тәртібін бекіту.

2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2024 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.

3. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2024 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін және аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.

4. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2024 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, 2024 жылғы дивидендтер туралы.

5. «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.

6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2024 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.

2-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 75 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ 2024 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп бекітілсін, Басқарманың жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.

3-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 75 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ . «Қалыс қалғандар» – жоқ .

Қабылданған шешім:

1. «Баян Сұлу» АҚ 2024 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі мынадай құрамда бекітілсін: – қаржылық жағдай туралы есеп;

– пайда немесе залал және өзге де жиынтық кіріс туралы есеп;

– ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

– капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

– қаржылық есептілікке ескертпелер.

2. «Баян Сұлу» АҚ 2024 жылға аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігі мынадай құрамда бекітілсін: – қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есеп;

– пайда немесе залал және өзге де жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есеп;

– ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп;

– капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп;

– шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер.

4-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 72 044 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – 3 800 000 дауыс . «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

2024 жылғы “Баян Сұлу” АҚ жұмысының қорытындысы бойынша 3 473 740 мың теңге сомасында алынған жиынтық табыс бөлінбесін, бөлінбеген пайда шотта қалдырылсын, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.

5-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 75 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Акционерлердің «Баян Сұлу» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты 2024 жылғы өтініштері болмағаны туралы ақпарат назарға алынсын.

6-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 75 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасының мүшелеріне 2024 жылы төленетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.