02.06.2022 16:00 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

1)акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 30 мамыр 2022 жыл, басталуы – жергілікті уақыт бойынша сағ. 15. 00 мин., аяқталуы – жергілікті уақыт бойынша 16 сағ.25 мин. келесі мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ.Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының Күн тәртібін бекіту.

2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2021 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.

3. «Баян Сұлу» АҚ 2021 жылғы қаржылық есептілігін бекіту.

4. «Баян Сұлу» АҚ 2021 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, кәдімгі акциялар бойынша дивиденд төлеу және «Баян Сұлу» АҚ бір кәдімгі акциясының есебімен дивиденд өлшемін бекіту.

5. «Баян Сұлу» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.

6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2021 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.

7. «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ өз міндеттерін орындағаны үшін Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы және шығындарды өтеу мөлшері мен жағдайларын анықтау.

3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:

1-сұрақ бойынша.

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» -44 513 888 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Акционерлердің жылдық жиналысының Күн тәртібін бекітілсін:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының Күн тәртібін бекіту.

2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2021 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.

3. «Баян Сұлу» АҚ 2021 жылғы қаржылық есептілігін бекіту.

4. «Баян Сұлу» АҚ 2021 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, кәдімгі акциялар бойынша дивиденд төлеу және «Баян Сұлу» АҚ бір кәдімгі акциясының есебімен дивиденд өлшемін бекіту.

5. «Баян Сұлу» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.

6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2021 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.

7. «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ өз міндеттерін орындағаны үшін Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы және шығындарды өтеу мөлшері мен жағдайларын анықтау.

2-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 513 888 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ 2021 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп бекітілсін, Басқарманың жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.

3-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 513 888 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ 2021 жыл үшін аудит жүргізілген қаржылық есептілігі мына құрамда бекітілсін:

қаржы жағдайы туралы шоғырландырылған есеп;

– пайда мен залал және басқа жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есеп;

– қаржы қаражаты қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп;

– капиталдағы өзгертулер туралы шоғырландырылған есеп;

– шоғырландырылған қаржы есептелігінің ескертпелері.

4-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 513 888 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

1. «Баян Сұлу» АҚ 2021 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша алынған 1 961 731 121 теңге сомасындағы таза табысты бөлу тәртібі бекітілсін:

357 280 000 теңге сомасындағы таза табыстың бөлігі Қоғамның кәдімгі акциялары бойынша дивидендтерді төлеу үшін бағытталсын;

-1 604 451 121теңге сомасындағы таза табыстың қалған бөлігі бөлінбесін, Қоғамның бөлінбеген пайда шотында қалсын.

2. Дивидендтерді төлеу үшін бағытталатын Қоғамның таза пайдасының сомасына, …. теңге мөлшеріндегі сомасына, 44 660 000 – орналастырылған кәдімгі акциялардың мөлшеріне сүйене отырып, 1 (бір) кәдімгі акция есебімен 8 теңге 00 тиын сомасында 2021 жылғы дивиденд мөлшері бекітілсін.

3. Дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны белгіленсін:

1) дивидендтердің төлене басталатын күні 2022 жылғы 26 тамыз болып белгіленсін;

2) дивидендтерді алу құқығы бар акционерлер тізімінің күні 2022 жылғы 22 тамыз болып белгіленсін;

3) «Баян Сұлу» АҚ қарапайым акциялары бойынша дивидендтер «Баян Сұлу» АҚ орналасқан жерде қолма-қол ақшамен және ақшасыз нысанда төленеді.

Дивидендтерді төлеу акционерлердің жалпы жиналысымен Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданған күннен кейін келетін күннен бастап тоқсан күннен кешіктірмей жүзеге асырылуы тиіс.

Акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер Қоғамда немесе құнды қағаздарды ұстаушылары тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есептеу жүйесінде болмаған жағдайда Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіп пен мерзімдерге сәйкес талап етілмеген ақшаны есептеу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуы тиіс.

4) дивидендтер төлем агентін тартпай-ақ төленеді;

5) Қоғамның атауы, орналасқан жері, банктік және басқа деректемелері:

«Баян Сұлу» Акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы,

110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198

БСН – 930940000055

«Қазақстан Халық банкі» АҚ Қостанай облыстық филиалында ЖСК: KZ546 017 221 000 001 481

БСК – HSBKKZKX

КБЕ -17

5-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 513 888 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Акционерлердің «Баян Сұлу» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты 2021 жылғы өтініштері болмағаны туралы ақпарат назарға алынсын.

6-сұрақ бойынша. Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 513 888 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасының мүшелеріне 2021 жылы төленетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.

7-сұрақ бойынша: 1) Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 513 888 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ 5 адам санында Директорлар кеңесінің құрамы бекітілсін.

2) Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 513 888 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 3 жыл болып белгіленсін, ол акционерлердің жалпы жиналысы өткізілген күні аяқталады, онда жаңа Директорлар кеңесі сайланатын болады.

3) Күн тәртібіндегі осы мәселе жөнінде кумулятивтік дауыстардың жалпы саны- 222 569 440

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» –222 569 440 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі мына құрамында сайлансын:

1.Баймұратов Ерлан Уразгельдиевич – «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамның ірі акционерінің өкілі.

2. Садықов Тимур Мейрханович – акционер, «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамның ірі акционерінің өкілі.

3. Талғатбек Алихан Қайратбекулы – акционер, «KazFoodProducts» ЖШС Қоғамның ірі акционерінің өкілі.

4. Қасымов Булат Даулетханович – тәуелсіз директор.

5. Алдонгаров Сабыр-бек Садыкович – тәуелсіз директор.

4) Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 44 513 888 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттемелерін өкілеттік мерзімі ішінде орындағаны үшін сыйақыны ай сайын штат кестесімен белгіленген мөлшер мен шарттарда жүргізілсін.