02.05.2017 10:00:00

«Баян Сұлу» АҚ-ң құрметті акционерлері!

      «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 4-тармағына 27.02.2017 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес, дивидендтерді төлеу қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болған кезде жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданған кезден бастап тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс. 
      Акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу акционердің қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне өзі туралы қажетті мәліметтердің енгізілгенін растайтын құжатпен бірге қоғамға өтініш жасаған кезден бастап тоқсан күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс. 
      Кері жағдайда дивидендтер төленбейтін болады. 
      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, акционерлік қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін тіркеуші ғана жүргізеді және ол ғана эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растай алады. 
      Қазақстанда осындай тіркеуші болып «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ (Бірыңғай тіркеуші) табылады. 
      Қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі өз деректемелеріңізді актуалдандыру үшін тікелей «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-на мына мекен-жай бойынша: 050040, Алматы қ-сы, Бостандық ауд., Сәтпаев көш., 30А/3 үйі, эл. поштасы info@tisr.kz , тел./факс: 8 (727) 272-47-60, ішкі 230, немесе Бірыңғай тіркеушінің клиенттерінен бұйрықтар мен өкімдерді қабылдау бойынша өңірлердегі Бірыңғай тіркеушінің қызметтерін көрсететін «Қазпошта» АҚ тұлғасындағы Бірыңғай тіркеушінің трансфер-агентінің облыстық филиалына хабарласыңыз, ол Қостанай қаласында мына мекен-жай бойынша орналасқан: 110000, Қостанай қ-сы, Әл-Фараби д-лы, 69 үй, тел.: 8(7142)54-94-03, эл.мекен-жайы: aziza.kurmangazieva@kazpost.kz. 
      Трансфер-агенттің өзге филиалдарының мекен-жайларымен, сондай-ақ Тізілімдер жүйесін жүргізу ережелерінің жинағымен және қажетті құжаттардың нысандарымен Сіз Бірыңғай тіркеушінің www.tisr.kz интернет-ресурсында «Байланыстар» және «Клиенттер» тарауында таныса аласыз. 
      Толығырақ кеңес алу үшін сіз қалалық телефоннан 8 800 080 88 80 нөмірі бойынша «жедел желі» телефонына немесе 8 (727) 272-47-60, ішкі 150, 151, 152 нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы Бірыңғай тіркелушінің фронт-кеңсесінің бөліміне хабарласа аласыз, қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін.