01.06.2026 16:00 «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

1)акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күні, уақыты және орны: 28 мамыр 2026 жыл, басталуы – жергілікті уақыт бойынша сағ. 15. 00 мин., аяқталуы – жергілікті уақыт бойынша 15 сағ.45 мин. келесі мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 110006, Қостанай қ.Бородин көш., 198 үй, әкімшілік-тұрмыстық корпус, акт залы.
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына арналған Күн тәртібін бекіту.

2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2025 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.

3. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2025 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін және аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.

4. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2025 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, 2025 жылғы дивидендтер туралы.

5. «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.

6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2025 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.

7. «Баян Сұлу» АҚ-ның ірі мәміле жасасуы туралы.

3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетіліп, қабылдаған шешімдер:

1-сұрақ бойынша.

Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны –79 844 325

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 79 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Акционерлердің жылдық жиналысының Күн тәртібін бекітілсін:

1. «Баян Сұлу» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына арналған Күн тәртібін бекіту.

2. «Баян Сұлу» АҚ Басқармасының 2025 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисап.

3. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2025 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін және аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.

4. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2025 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, 2025 жылғы дивидендтер туралы.

5. «Баян Сұлу» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.

6. «Баян Сұлу» АҚ акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2025 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.

7. «Баян Сұлу» АҚ-ның ірі мәміле жасасуы туралы.

2-сұрақ бойынша.

Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны –79 844 325

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 79 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ 2025 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп бекітілсін, Басқарманың жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.

3-сұрақ бойынша.

Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны –79 844 325

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 79 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ . «Қалыс қалғандар» – жоқ .

Қабылданған шешім:

1. «Баян Сұлу» АҚ 2025 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі мынадай құрамда бекітілсін: – қаржылық жағдай туралы есеп;

– пайда немесе залал және өзге де жиынтық кіріс туралы есеп;

– ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

– капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

– қаржылық есептілікке ескертпелер.

2. «Баян Сұлу» АҚ 2025 жылға аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігі мынадай құрамда бекітілсін: – қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есеп;

– пайда немесе залал және өзге де жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есеп;

– ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп;

– капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп;

– шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер.

4-сұрақ бойынша.

Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны –79 844 325

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 79 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

2025 жылғы «Баян Сұлу» АҚ-ның жұмыс қорытындысы бойынша 4 438 936 902 теңге мөлшеріндегі таза табысын бөлу тәртібі бекітілсін:

800 000 000 теңге «Баян Сұлу» АҚ-ның жай акциялары бойынша 2025 жылға дивиденд төлеуге бағытталсын;

3 638 936 902 теңге өндірісті дамытуға бағытталсын.

«Баян Сұлу» АҚ-ның жай акциялары бойынша 2025 жылға дивиденд төлеуге бағытталатын таза табыс сомасы 800 000 000 теңге және орналастырылған жай акциялар саны 80 000 000 дана екендігін негізге ала отырып, 2025 жылға 1 (бір) жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 10 теңге 00 тиын болып белгіленсін;

-дивидендтер төлеудің басталу күні 2026 жылғы 30 маусым болып белгіленсін;

-дивиденд алуға құқығы бар акционерлер тізімін жасау күні 2026 жылғы 24 маусым болып белгіленсін;

дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны:

«Баян Сұлу» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер «Баян Сұлу» АҚ орналасқан жерде қолма-қол ақшамен және ақшасыз нысанда төленеді.

Дивидендтерді төлеу акционерлердің жалпы жиналысымен Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданған күннен кейін келетін күннен бастап тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс.

Акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер Қоғамда немесе құнды қағаздарды ұстаушылары тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есептеу жүйесінде болмаған жағдайда Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіп пен мерзімдерге сәйкес талап етілмеген ақшаны есептеу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуы тиіс.

– дивидендтер төлем агентін тартпай-ақ төленеді;

– Қоғамның атауы, орналасқан жері, банктік және басқа деректемелері:

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы,

110006, Қостанай қ-сы, Бородин көш., 198

БСН 930940000055

есеп шот KZ11914398412BC02320

БСК BRKEKZKA

Қостанай қ.,

«Bereke Bank» Акционерлік қоғамы (Lesha Bank LLC (Public) еншілес банкі).

5-сұрақ бойынша.

Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны –79 844 325

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 79 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

Акционерлердің «Баян Сұлу» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты 2025 жылғы өтініштері болмағаны туралы ақпарат назарға алынсын.

6-сұрақ бойынша.

Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны –79 844 325

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» – 79 844 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – жоқ.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасының мүшелеріне 2025 жылы төленетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.

7-сұрақ бойынша.

Жиналыста ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны –79 844 325

Дауыс беру қорытындылары: «Қолдағандар» -76 044 325 дауыс. «Қарсы болғандар» – жоқ. «Қалыс қалғандар» – 3 800 000 дауыс.

Қабылданған шешім:

«Баян Сұлу» АҚ ірі мәміле жасау туралы қорытындысын мақұлдау.