01.04.2015 16:45:00
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы қоғамның жасауға мүддесі бар мәмілелер жасауы туралы ақпарат
1) акционерлік қоғамның органы мәмілені жасау туралы шешім қабылдаған күні: Директорлар кеңесінің 26.03.2015 жылғы шешімі, № 6-1 хаттама;
2) мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құны: қолдануға болмайды;
3) мәміленің мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні: қолдануға болмайды;
4) мәміленің мәні болып табылатын мүлік құнының пайыздық арасалмағы: қолдануға болмайды;
5) мәміленің негізгі мәнді шарттары: «Баян Сұлу» АҚ «АзияАгроФуд» АҚ-мен тауар қоймасында жауапты сақтау келісім-шартын жасау, соған сәйкес «Баян Сұлу» АҚ тапсырады, ал «АзияАгроФуд» АҚ келісім-шарттың талаптарына сәйкес тауарларды (ұн, сірне, кебек, астық қалдықтары, жүгері және басқаларын) жауапты сақтауға қабылдайды. Тауарды сақтау бойынша қызметтің құны ҚҚС есепке алғанда айына 800 000 (сегіз жүз мың) теңгені құрайды, келісім-шарттың әрекет ету мерзімі 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
6) мәмілені жасау күні:01.04.2015.