Кондитерлік фабрикаға Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары келді
Депутаттар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері Қожахметов Арман Төлешұлы, Имашева Снежанна Валерьевна және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі Қаракен Құралай Әнуарқызы Баян Сұлу кондитерлік фабрикасын қарап шықты.
Басқарма Төрағасы – фабрика Президенті Тимур Садықов фабрика бойынша экскурсия жүргізіп, кондитерлік өнімдерді жасау үдерісінің кейбір маңызды ерекшеліктерімен бөлісті. Өндірістің экологияға әсер етуін реттеу сауалдары, өндірістің көкейтесті мәселелері және оларды шешу тәсілдері қозғалған болатын.
Депутаттар көргенге, әсіресе заманауи бисквит цехына таңғалды, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезінде сол цех туралы өз пікірін білдіртіп, жоғары бағалаған еді.