«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы «International Green Week Berlin Жасыл апта» – Халықаралық сауда көрмесіне Германия, Берлин қ. 2019 жылғы 18 бастап 27 қаңтарға дейін қатысып жатыр.
«Жасыл апта» – бұл әлемдегі ауыл шаруашылық, азық-түлік тауарларын өндіру және бау-бақша саласындағы жетістіктерді ең ірі қарау.
Халықаралық Жасыл апта 2018 жылы неміс астанасында 83-ші рет өтті. Көрмеге барлығы 1660 артық экспонент, соның ішінде әлемнің 66 елінен 655 шетел компания, сондай-ақ 400000 жуық келуші, соның ішінде 90000 маман қатысты. Жалпы экспозиция алаңы 116000 ш. м. құрады.
Көрмеде еттен және шұжық өнімдерінен бастап кондитерлік бұйымдарға, жемістер мен көкөністерге дейін, теңіз өнімдерінен шайға дейін – тағам өнеркәсібінің бүкіл тауарлар аясын көруге болады. Сонымен қатар мұнда тұқым, ауыл шаруашылық жабдығы, жылыжайлар және әртүрлі ілеспе тауарлар да ұсынылған.
Көрмеге Қазақстан Республикасының Германия Федерациялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елші –
Нусупов Болат Турарович барып қайтты.
«Баян Сұлу» «Albo», «Казахстанский» және басқа да өзінің көптеген кәмпиттерімен, вафляларымен, печеньесімен және карамель кәмпитімен Отанымыздың тамақ өнеркәсібі саласындағы жетістіктерін мақтан етіп ұсынады.
Фабрика өнімі көрме қатысушыларының жоғары бағасын алып, көптеген халықаралық әлеуетті серіктестерді қызықтырды.
Фабриканың осындай түріндегі іс-шараларға қатысуы – бұл экспорт өнімінің арттыруына қосатын елеулі үлесі ғана емес, бұл Қазақстан Республикасының бедел-бейнесін нығайтуға қосқан маңызды үлесі де болып табылады.
Казахстанский шоколад представили на выставке в Германии
Казахстан и Германия обсудили сотрудничество в сфере АПК
Казахстан впервые участвует в выставке «Зелёная неделя» в Германии