Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қостанай облысына жұмыс сапары барысында «Баян Сұлу» акционерлік қоғамына барып, «Кондитерлік астана» атты жаңа кешеннің құрылысымен танысты.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қостанай облысына жұмыс сапары барысында «Баян Сұлу» акционерлік қоғамына барып, «Кондитерлік астана» атты жаңа кешеннің құрылысымен танысты. Министр жобаның жоғары деңгейде жүзеге асып жатқанын және оның отандық өндірісті дамытудағы маңызын атап өтті.
Компания басқарма төрағасы Тимур Садыковтың айтуынша, кешен жылына 13 мың тонна өнім шығаруға мүмкіндік береді. Бұл ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз етіп, импорт үлесін азайтуға жол ашады. Кешенді іске қосу 2026 жылдың алғашқы жартысына жоспарланған. Айдарбек Сапаров бұл жобаның өңір үшін стратегиялық маңызы бар екенін ерекше атап өтті.