09.04.2024

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклі араға жылдар салып, театрымызға қайта оралды.

Түркі жұртына ортақ қазына болып табылатын туындыны демеушілік жасап, қарашаңыраққа қайтарған – «Bayan Sulu» @bayansuluofficial кондитерлік фабрикасы.
Қос ғашықтың адал махаббатын есте сақтау мақсатында елімізде 15 сәуір Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні болып бекітілді.

Аңызға айналған махаббат оқиғасы бүгінгі күнге дейін үлкен сұранысқа ие. Осы Ғашықтар күнін Ұлттық мереке деңгейіне көтеруге театрымызда сахналанатын «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклі де дәнекер болмақ.
Сонымен Махаббат символына айналған Қозы мен Баян Ұлттық театр сахнасында өз көрермендерін күтеді!