«Кондитерлік астана» ашылды!
Қостанайда «Баян Сұлу» компаниясының одан әрі дамуына жаңа серпін беретін ірі жоба — «Кондитерлік астана» жаңа өндірістік кешенінің салтанатты ашылуы өтті.
Біздің фабрика үшін бұл ерекше сәт. Біз өндіріс үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, жаңа жұмыс орындарын құрып, Қазақстанның кондитерлік өнеркәсібін дамытуға өз үлесімізді қоса береміз.
Ең бастысы — алда жаңа өнімдер, жаңа идеялар және, әрине, «Баян Сұлу» сүйікті тәттілері бұдан да көп болады.